Акауынтыңызға кіріңіз

Пайдаланушы аты *
Құпия сөз *
Мені есте сақта

Аккаунты жасау

Жұлдызшамен (*) белгіленген міндетті орындар толтырылу қажет.
Аты-жөні *
Пайдаланушы аты *
Құпия сөз *
Құпия сөзді қайталаңыз *
Email *
email поштаны қайталаңыз *
Captcha *
Reload Captcha

БИЫЛҒЫ КӨКТЕМ

By Ақпан 24, 2017 178 0

БИЫЛҒЫ КӨКТЕМ

 

Жақында бір танысым жерден жеті қоян тапқандай жүрегі жарыла қуанып тұрып: «Естідің бе, мұсылмандарға арнап түрме салып жатыр екен ғой!» деді сүйінші сұрағандай. Е, бұл жақтағылар момынды қамаса, ол жақта абақтының зорын өздеріне дайындап жатқаны да... Аллаһ Құранда: «Жақсылық қылсаң өзіңе, жамандық қылсаң өзіңе» деген. Кімнің несі кетеді? Бәрінен мына көктемді айтсаңшы!

 

Түн қысқара бастады, күн ұзарып.

Көктем келді көк-жасыл гүлін алып.

Арқадағы қыс қайтты Арктикаға

Бұғы жеккен шанасын мініп алып.

 

Сықырлаған суықтар өтті-ай заулап!

Қырға шықты қызғалдақ оттай лаулап.

Жүзінде нұр, жүректе иманы бар

Жастар өсті елімде көктей қаулап.

 

Жарқыл қағып жанарлар, көңіл күліп,

Көк дөненге жарасып өмілдірік,

Жарылқаушы Жаратқан мейірімге

Жер-жаһанды жатқандай шомылдырып!

 

Күлдір-күлдір кісінеп күнде шабыт,

Жыр түренін жырғадық тыңға салып.

Азан үні естіліп әр ауылдан,

Қариялар қалғандай бір жасарып.

Шарапсыз той дүркіреп шартарапта,

Қуантуда келіндер ұл босанып,

Көбеюде жамағат күннен-күнге,

Кеңеюде мешіттер іргесі анық.

Соның бәрін жеккөріп кейбіреулер,

Жатыр дейді жаңа бір түрме салып...

Бұл шығарлымға баға беріңіз
(0 Дауыс)
Соңғы рет өзгертілген Сейсенбі, 13 Наурыз 2018 12:53

Пікір қалдыру

Жұлдызшамен (*) көрсетілген барлық қажетті ақпаратты енгізгеніңізге көз жеткізіңіз. HTML-кодқа жол берілмейді.

Latest Tweets

SeoBin | Marketing Agency HTML Template updated with 2 new home https://t.co/mxLG1wKFPc https://t.co/w4arzHoAVx
RT @dhh: MailChimp is an inspiration! $300M+/year in revenues, profitable, based in Atlanta, NO VC. Wonderful. 🐒❤️ https://t.co/qmj0MNAQOo
Barrister - Responsive Law Business @joomla Template setup guide! https://t.co/GwqHcdxyDi https://t.co/qzEEldYie3
Follow Themewinter on Twitter
Яндекс.Метрика