Акауынтыңызға кіріңіз

Пайдаланушы аты *
Құпия сөз *
Мені есте сақта

Аккаунты жасау

Жұлдызшамен (*) белгіленген міндетті орындар толтырылу қажет.
Аты-жөні *
Пайдаланушы аты *
Құпия сөз *
Құпия сөзді қайталаңыз *
Email *
email поштаны қайталаңыз *
Captcha *
Reload Captcha

БЕЙТАРАП

БЕЙТАРАП

 

Бүгін таңда Нұрлан досым түсіме кіріп, жылап ояндым. Оған мен ақиқатты жеткізіп айта алмадым ғой. Маған бәрібір болғаны ғой... ол асылып өлді. Менің жүрегім тасқа айналғанынан. Адам ақиқатты біле тұра күйкі тірліктен аса алмай сүйретіліп жүре береді екен. Қайран менің құрдастарым... Қазір оларға бірдеңе түсіндіру бұрынғыдан да қиын. Себебі олардың әрбірі үлкен бір команда: яғни әйелімен қосқанда, күнәға әбден батқан екі адам. Олардың нәпсілері, шайтандары бірігеді. Оған балаларының, құрдас, ағайын, көршілерінікі жабылады. Сосын оларға сенің шайтаның көмекке келеді. Солардың бәріне барып бірдеңе түсіндіргің келеді. Әлбетте ол оңай емес. Сондықтан жаныңды қинағың келмейді. Байқамағансып жүре бересің. Осындай жағдайға тап болып, шырылдап жылаған Пайғамбарға: сен өзіңді бекерге жоя жаздайсың, иманды беруші Мен ғой деген мағынада Алла аят түсірді. Сонда пайғамбардың таза жүрегі қалай күйзелген десеңші! Ол жәннәт пен тозақ жайлы ең көп білуші адам еді ғой. Сондай таза жүрегімен жақындарының тозаққа қарай бара жатқандарын көре, біле тұра қалай шыдай алсын?! Біз ғой жүрегімізді күнәлардан қорғамай әбден былғағанбыз. Бізге келеңсіздікпен келісу әлдеқайда оңай...

 БЕЙТАРАП

Бағалай алмай жүріп жан қадірін,

Бақыр құрлы, білмеймін, бар ма құным?

Түсіме еніп асылып өлген досым,

Жылап жатып ояндым таңда бүгін.

 

Қайран жүрек кеткен соң тасқа айналып,

Ұялайды санама басқа ой барып.

Айналада адасып жүргендерге,

Жол нұсқауға аяғым баспайды анық.

 

Қашқақтадым көбінен, қашықтадым,

Тайталастан тайсақтап жасық жаным.

Жан төзгісіз алдағы азаптарды,

Біле тұра айтуға асықпадым.

 

Айта алмадым, анығы — бата алмадым.

Өзгермейтін өмірдің қатал заңын.

Ақ сәулесін таба алмай ақиқаттың,

Қараңғыда қаңғып жүр қатарларым.

 

Атар таңын армандап, татар дәмін,

Қуаныш қып, ата, әже атанғанын,

Ал бірақ ойламайды, ескертіліп

Алладан Құран деген хат алғанын.

 

Құраннан хабары жоқ құрбыларым,

Білместен бұл ғұмырдың сүрді мәнін.

Көздерін таңып тастап, шайтан малғұн,

Өздерін қу нәпсіге құл қылғанын.

 

Жайбарахат үйінде жата да алмай,

Мыңмен жалғыз алысқан атам Абай.

Тобықтан қаққан өзін тобықтысын

Торыққан сәждеге бір апара алмай.

 

Көп құдайға сыйынып жүрген елге,

«Бір Аллаға құлшылық қыл!» дегенде,

Пайғамбарды өз жұрты жынданған деп,

Айналдырды өмірін дүрбелеңге.

 

Болмаған соң олардай асыл адам,

Атылған жоқ тобырдың тасы маған.

Аманаттап тапсырған Алла дінін,

Адамдардан қашанғы жасыра алам?

Шыбын жаным шырқырап жеткізгенде,

Болар ма еді бәледен досым аман...

 

Ақіретке жинамай азық бүгін,

Өтті өмірден тоз-тоз боп тозып бір ұл.

Құбыласын таппаған құрдасымның

Қайғысына мен анық жазықтымын...

 

Иә, солай. Қылығым тым ағат бұл.

Менен кетті көкесі кінәраттың.

Тәні өлген адамға жас төккенмен

Жүрегі өлген жандарға жыламаппын.

 

Тұсақтай түстен кейін есі кірген,

Келемін игіліктен кешігумен.

Мәңгүрттікпен өтуде таныстарым,

Салғырттықтың мендегі кесірінен.

 

Кетпей тұрып көңілдің хошы мүлдем,

Дұға қып, сөз бастайын есіміңмен.

Барлығын да діндегі бауырлардың,

Арылта гөр, иә, Аллаһ осы міннен!

Бұл шығарлымға баға беріңіз
(0 Дауыс)
Соңғы рет өзгертілген Tuesday, 13 March 2018 13:05

Latest Tweets

@envato_help Dear ticket id: 1266898. No one answering the ticket. 2 days without a solution. Please, check.
Insurance Agency Joomla Business Template on #Themeforest https://t.co/GKqY99ixQX https://t.co/WgAaR3wDBc
GeoBin - Digital Marketing Agency, SEO WordPress Theme Updated on #Themeforest https://t.co/drKfnOA82e https://t.co/lR8UFr7zPp
Follow Themewinter on Twitter
Яндекс.Метрика