Акауынтыңызға кіріңіз

Пайдаланушы аты *
Құпия сөз *
Мені есте сақта

Аккаунты жасау

Жұлдызшамен (*) белгіленген міндетті орындар толтырылу қажет.
Аты-жөні *
Пайдаланушы аты *
Құпия сөз *
Құпия сөзді қайталаңыз *
Email *
email поштаны қайталаңыз *
Captcha *
Reload Captcha

ӨЗ ЕЛІМ — ӨЗЕГІМ

ӨЗ ЕЛІМ — ӨЗЕГІМ

 

                  ОТАНҒА

 

Кім деп мен тұнығымды лайлаған,

Күніне жүз толғанып мың ойланам.

Сен үшін сертке берік семсер ұлмын,

Аулына ақиқаттың жыр байлаған.

 

Ойлаймын тағдырыңды, ертеңіңді,

Ұмытам қалай өткен ертегіңді.

Отырып жыр кемеде болашаққа,

Жаямын желбіретіп желкенімді.

 

Бір уыс топырағыңды қорғаштаған,

Адамның барлығы да жолдас маған.

Жасаса саған зорлық, бір қиянат,

Батырың мен боламын қол бастаған.

 

Сен үшін ешкімнен де аянбаймын,

Көңілімді, міне, былай баяндаймын.

Аңдыған арам ойлы ала көзге,

Оқ болып атылудан таянбаймын.

 

Жаныңа жылуыммен қуат берем,

Арыңа арайланған шуақ берем.

Басыңа қонған бақыт амандығын,

Алладан күндіз -түні сұрап келем.

 

О, Отан, сені шексіз сүйіп өтем,

Басымды саған мәңгі иіп өтем.

Ордалы Отан болған қандай бақыт?

Отансыз адамдардың күйі бөтен.

 

                ӨЗ ЕЛІМ

 

Бұлағың болып ағайын,

Шырағың болып жанайын,

Көңіліңнің қошын табайын,

Қабыл  да қылсаң, ағайын.

 

Айың да болып қарайын,

Ақ сәулең болып тарайын,

Ашылса алтын сарайың,

Кілтің болып барайын.

 

Бақытың- бағың болайын,

Ырысың болып қонайын,

Байлығың болып толайын,

Күндерің өтсе толайым.

 

Күнің де болып туайын,

Түніңді қара қуайын.

Басыңда болса уайым,

Көзіңнің жасын жуайын.

 

Не десең соны өтейін,

Жауыңа жалғыз төтейін.

Өзгені аңсап нетейін,

Өзіңе жылдам жетейін.

Өзегім болған, өз елім,

Садағаң болып кетейін.

Өгей де мына өмірге,

Өзіңді тиянақ етейін!

 

             ҚАҚПАҢДАР

 

Бетімнен менің қақпаңдар,

Қаңғыда басқа шатпаңдар.

«Халқым!» деп келген қандаспын,

Қаймана жұртқа сатпаңдар.

 

Қақпаңдар мені, қақпаңдар,

Алдымда атар ақ таң бар.

Құйғыта шапсам құладай,

Кес - кестеп жолда жатпаңдар.

 

Қақпаңдар мені қақпаңдар,

Беталды кетіп шатпаңдар.

Көпірте көкке көтеріп,

Айдар да маған тақпаңдар,

Жамандап жала жаппаңдар.

 

Қақпаңдар мені қақпаңдар,

Қалауым тауып баптаңдар.

Бәйгеден келсем қара үзіп,

Батыраш болып атпаңдар,

Қорғаным болып сақтаңдар.

 

                  НАМЫС

 

Жеріңді қорғамысаң намыс,

Еріңді қолдамасаң намыс.

Жаналып алып - жанберіскен жағаласта,

Жауыңды қорғаласаң намыс.

 

Отанды сүймегенің намыс,

Отанға күймегенің намыс.

Азғындап ақылыңнан ақымағым,

Рухыңнан күйрегенің намыс.

 

Тіліңді білмегенің намыс,

Дініңмен жүрмегенің намыс.

Ұлықтар ұлы болсаң, ұлтыңды

Көзіңе ілмегенің намыс.

 

Еліңе ермегенің намыс,

Пейіліңді бермегенің намыс.

Торғайдай тоз -тоз болып ұясы жоқ,

Отанға келмегенің намыс.

 

               АҚЫН СЕРТІ

 

Шымырланып шықпай ма өлең деген,

Өлең десе жан едім елеңдеген.

Шәрбәтына бал тілдің бөленбеген,

Ақын, ақын болмайды көреңдеген.

 

Біреу айтқан ойды көп дәріптемен,

Ой дегенді ойнатып алып келем.

Көк теңізі көңілдің буырқанып,

Шарасынан шайқалад шабыт деген.

 

Ақ жол тілеп алдымнан, ағып келем,

Қанатымды лашындай қағып келем.

Тасты талқан етерлік сенім барда,

Неменеден жасқанам, қауіптенем?

 

Бұрқыратып-шаңдатып шауып келем,

Шаңымменен жер -көкті жауып келем.

Сөз сүлейін іздесең, менен ізде,

Ақ қола емес, алтынын тауып берем.

 

Cайгүлігін мінгізіп сауытпенен,

Жауыңгер- жыр жасаймын “ завотпенен”.

Гүлге орап жайнатып төңерегін ,

Өлік- өлең әкелмен табытпенен.

 

Шаяхмет ҚАЛИ

Бұл шығарлымға баға беріңіз
(1 Дауыс)
Соңғы рет өзгертілген Tuesday, 27 March 2018 15:27

Latest Tweets

BiziPress Multipurpose Joomla Template updated to @Joomla 3.9.1 https://t.co/rWvwVNH5nr https://t.co/NMWeHyeeMQ
Vinazine - Joomla News Magazine Template updated with RTL and Boxed Layout. https://t.co/f5w59DraSF https://t.co/2L5pXfiOCy
RT @Kontar81: Breaking news ✌✌ https://t.co/o2vQGROBdS
Follow Themewinter on Twitter
Яндекс.Метрика