Акауынтыңызға кіріңіз

Пайдаланушы аты *
Құпия сөз *
Мені есте сақта

Аккаунты жасау

Жұлдызшамен (*) белгіленген міндетті орындар толтырылу қажет.
Аты-жөні *
Пайдаланушы аты *
Құпия сөз *
Құпия сөзді қайталаңыз *
Email *
email поштаны қайталаңыз *
Captcha *
Reload Captcha

ОЯН, ҚАЗАҚ!

ОЯН, ҚАЗАҚ!

 

Оян, қазақ! Ойлан, қазақ! Бол, қазақ!

Шын бақытқа жеткізетін жол да ұзақ.

Алашағың аз ба мына дүниеден,

Болашағың емес пе еді зор, ғажап?!

 

Оян, қазақ! Ойлан, қазақ! Бол, қазақ!

Сілкінші бір қанатыңды қомдап ап!

Ауырыңды арқала да, алға бас,

Бауырыңмен не көрінді жорғалап?!

 

Мен қазақпын, сен қазақсың, ол қазақ,

Ер мінезбен өр рухқа болма жат.

Ортасына жалғыз орыс кіргенде,

Орыс тілде шүлдірлейді он қазақ.

 

Аталардан қалған асыл мұрамыз —

Туған жердің қақ төрінде тұрамыз.

Азаттығы ұмытылған ұлт болып,

«Қазақ тілі» қоғамдарын құрамыз.

 

Құрғап кеткен құлдық сіңген санамыз,

Сұмдық сіңген сүйекке де — Қараңыз!

Тойланады мерекеміз жат жұртша,

Ойланады өзге тілде баламыз.

 

Құранды да, Құдайды да сүймейміз.

Сұлу көрсек, оңашаға сүйрейміз.

Жыртаң-жыртаң, бос сөз айтып күлеміз,

Тыртаң-тыртаң, тойға келсек, билейміз.

 

Біреу озса — күңкіл-күңкіл күндейміз,

Біреу тозса — дүркін-дүркін жүндейміз.

«Намыс!» деген сөзді жиі айтамыз,

Бірақ оның не екенін білмейміз.

 

Дүниенің пайдасына пысықпыз.

Жәннат иісін сезе алмайтын пұшықпыз.

Бауырларға арыстанбыз, барыспыз,

Басқаларға бас игенде — мысықпыз.

 

Мақтаншақпыз, өтірікші, даңғоймыз,

Түтіндейміз, үрлесе де жанбаймыз.

«Жер бетінде бізден ұлы ұлт жоқ!» деп,

Өзімізді-өзіміз көп алдаймыз.

 

Ісіміз жоқ еске алатын тамсанып,

Селтеңдейміз әуейі боп ән салып.

Тірі ағайын пәтер таппай жүргенде,

Өлгендерге әуреміз там салып.

 

«Қаным таза, жаным таза» дегенмен,

Көш соңында қалып қойдық неге елден?

Мойындаған күллі адамзат неміз бар?

Не шығардық ел ынтыққан, еленген?

 

Бүкіл әлем өркендеуде дүрілдеп,

Ғарышты да игеруде бұрын кеп.

Кеме де емес, ұшақ та емес, біздерде

Белесебет жасай алар білім жоқ.

 

Шіренгенде үзеңгіні үземіз.

Мүйіздіміз мүйізсізді сүземіз.

Оралманға одырая қараймыз,

Келімсектен дірілдейді тіземіз.

 

Ертегіге есігін кең ашқаның,

Ертеңіне қатырмайды бастарын.

Қонағы би жаман үйдің тұрғыны,

Шеттерінен шел басқан көз, месқарын.

Құдай берген мұнай, көмір, мысың да,

Біздікі емес, билігінде басқаның.

 

Сырт көзге сыр бермегенмен тайраңдап,

Ақылымыз ашып бітті айран боп.

Қамқор Алла сақтамаса біздерді,

Қайран жұртта өзін қорғар қайран жоқ.

Оян, қазақ! Ойлан, қазақ!…

Бұл шығарлымға баға беріңіз
(0 Дауыс)
Соңғы рет өзгертілген Tuesday, 13 March 2018 13:14

Latest Tweets

@envato_help Dear ticket id: 1266898. No one answering the ticket. 2 days without a solution. Please, check.
Insurance Agency Joomla Business Template on #Themeforest https://t.co/GKqY99ixQX https://t.co/WgAaR3wDBc
GeoBin - Digital Marketing Agency, SEO WordPress Theme Updated on #Themeforest https://t.co/drKfnOA82e https://t.co/lR8UFr7zPp
Follow Themewinter on Twitter
Яндекс.Метрика