Акауынтыңызға кіріңіз

Пайдаланушы аты *
Құпия сөз *
Мені есте сақта

Аккаунты жасау

Жұлдызшамен (*) белгіленген міндетті орындар толтырылу қажет.
Аты-жөні *
Пайдаланушы аты *
Құпия сөз *
Құпия сөзді қайталаңыз *
Email *
email поштаны қайталаңыз *
Captcha *
Reload Captcha

«СИНГАПУР СИНДРОМЫ» –қазақ одан қалай қорғана алады?

«СИНГАПУР СИНДРОМЫ» –қазақ одан қалай қорғана алады?

 Синофобияны қазақшаласақ – «қытай қаупі», «қытай үрейі» деген сөз. Ал «Сингапур синдромы» қазақтың санасына тың ұғым бола қоюы екіталай. Сингапур да – Қытай, Қытай да – Қытай. Атам қазақ оларды ежелден «тауғаш» деп, «тапқаш» деп, кейінірек «шүршіт» деп, бертінірек «қытай» деп атағанымен, тіпті осы күндері «ханзу» деп атағанымен, айналып келгенде, бұның бәрі – бір халық.

 Біздің арғы ата-бабаларымыз Күлтегін мен Білге қаған мәңгі тасында ойып тұрып жазған – залым деген тауғашымыз осы. «Тауғаштың шәйі мен шәлісіне алданбаңдар» деп, тасқа ойып тұрып жазып кеткен сол ата-бабалырымыздың өсиеті бүгінгі күнде тұтас түрік қауымының жадынан ұмытылып кеткен сияқты. Тасқа жазылған таңбалы жазулардың хикметін біздің санамыз енді-енді сезініп жатқандай.

Ал Сингапурдың қазаққа қатысы қандай деуіміз мүмкін? Зор қатысы бар. Біздің қазақ екінші Сингапур болып қалмай ма?! Бүгінгі айтайын деген сөзіміздің өзегі де, түйіні де осы. Жер бетінде бір мемлекет бар: ол тәуелсіздігі үшін күреспей-ақ тәуелсіз болды. Ол тіпті «біз тәуелсіз болмайықшы» деп жанталаспады. Ол өзге елдер «сен тәуелсіз бол, сен өз алдыңа мемлекет бол» деп, әлгілерді зорлықты түрде тәуелсіз ел қылып тастады. Ол ел – Сингапур.

Адамзат тарихында Сингапурдың тарихы таңғажайып. Әрине, көп қазақтың назарында Сингапур Оңтүстік-Шығыс Азияның құрттай аралындағы бай, бақуатты, батыстық өркениеттегі демократиялық қуатты ел. Бірақ қай қырынан алсаң да, ол Қытайдың елі.

Сингапурдың тұрған жері – негізі Қытайдың жері емес еді. Ол өздерін «малай» деп атайтын мұсылман халықтың жері болатын. Оңтүстік-Шығыс Азиядағы Малайзия, Индонезия, Бруней – үшеуі бір текті халық. Бәрінің айтатын тілі «бақаса» деп аталатын өте жақын, бір-бірін аудармасыз түсінетін бір текті халық, бір ұлт. Осы малайлардың жеріне бірнеше ғасыр бұрын келіп, қытайлар қоныстана бастайды. Саудагер қытайлар, ішкі соғыстан босқан қытайлар осы Сингапурдағы портты жағалайды. Балықшы болып кәсіптенеді, саудамен айналысады, сөйтіп, ең соңында бүгінгі Сингапур елі болып қалыптасады.

Сингапурды ел қылған басшының аты – Ли Куан Йау. Орыс тілді ақпарат оны «Ли Куан Ю» дейді. Бұның бір кітабы бар. «Тәуелсіздіктің тауқыметті жолы немесе Ли Куан Йаудың естеліктері» дейтін. Ол кітаптың қытай тіліндегі нұсқасын ертеректе оқығанбыз. Енді содан есімізде қалған бір-екі ауыз сөзді айта кетейік.

Кейбір елдер ежелден тәуелсіз. Кейбір елдер тәуелсіздік үшін күреседі. Сингапурдың тәуелсіздігі оның шекесіне зорлықпен таңылған. Сингапурдың тәуелсіздігі туралы айтқанда, 1965 жылдың 9 тамызы ешқандай да бір құттықтарлық күн емес. «Біз ешқашан тәуелсіздік үшін күрескен емеспіз. 100 миллиондаған Малай және Индонезия мұсылмандары тұратын отыз мың аралдың ортасында құрттай ғана қытайлар жасайтын аралдың дербес және тәуелсіз өмір сүруі адамның ақылына сыймайды» деп жазады Ли Куан Йау. Оның осы сөзін адамзат тарихындағы тасқа ойып жазатын сөздердің бірі деп бағалауға болады.

Ли Куан Йау Сингапурдың тәуелсіздігіне ежелден қарсы болды. Ол тіпті 1996 жылдың өзінде Малайзия мен Сингапурды біріктіру туралы ұсынысын ортаға қояды. Есептеңіз, яғни Ли Куан Йау күні кешеге дейін Сингапурдың тәуелсіздігіне басы бүтін қарсы болған адам және ол Сингапурды тәуелсіз, бай, бақуатты, құдіретті ел етіп құрып шыққан бірден-бір адам.

Ал Сингапур не үшін тәуелсіз болды? Себебі Малайзия оларды талақ етті. Кәдімгі шариғат жолымен айтсақ, сол талақ етуге ұқсаңқырап қалады. Себебі Малайзияның сол кездегі ақылмандары, саясаткерлері өте бір таңғажайып шешім қабылдайды. Оларға ата-бабасынан мұраға қалған жерді сақтап қалып немесе қара қытайды қарақұртша қаптатып алу деген екі жолдың бірін таңдау алдарына ұсынылды. Малайлар амалсыз қалды. Жерді ойласа, онда Сингапурды құшағына алуы керек. Себебі бұл жер ата-бабаларының жері. Ал ертең Сингапурдағы құжынаған қара қытайдың тұтас Малайзия жерінде емін-еркін жүру немесе Малайзия азаматы болып өмір сүруін ойлағанда, оларға Сингапурды тәуелсіздендіріп, елден бөлектеп тастау таңдауы алдарына қойылады.

Содан сол замандағы Малайзияның басшылығы, саясаткерлері таңғажайып шешім шығарады. Адамзат тарихында болмаған, ешкім мұндай ерлікті жасап көрмеген осындай бір шешімді Малайзияның атқамінер азаматтары қабылдайды. Шынында да, ол кезде Сингапурдағы құжынаған қара қытайды Малайзияның тұтас халқына қосып, олардың орта есебін шығарғанда, Малайзиядағы қытайлардың үлес салмағы әлдеқайда артып кетер еді. Бұл ертеңгі малай халқы үшін үлкен қауіп болар еді.

Ол кездегі санақты білмеймін, мен осыдан бірнеше жыл бұрын бірнеше мәрте Малайзияға барып қайтқанмын. Сол кезде Малайзияның мемлекеттік санағында қытайлар 26 пайызды құрайтын. Үнділер – 13 пайыз, басқалар – 39, ал Малайзияның мемлекетін ұстап тұрған тұрғылықты байырғы халық – малайлар 61 пайыз болды. Бұл енді мемлекеттік санақ. Бірақ Куала-Лумпурда Жохор-Бару штатында, Малаккада болған сапарларымда менің байқағаным – Сингапурдың барша орта шағын бизнесі, өндірісі тұтасымен қытайлардың қолында еді. Осыны көргеннен кейін, Сингапурды бөлектеп тастаған малай басшыларының ерен шешіміне, ерлігіне таңырқамауға амал қалмады.

«Жүз миллиондаған Малайзия және Индонезия мұсылмандары тұратын отыз мың аралдың ортасындағы қытайлар жасайтын құрттай аралдың тәуелсіз болуы кісі ақылына сыймайды». Міне, бұл Ли Куан Йаудың сөзі. Қара қытай қаптаған осындай бір сұмдық елді денесіне өскен рак клеткасын кесіп тастағандай, алып тастады. «Сен бізге керек емессің, өз алдыңа тәуелсіз күн көр» деген малайлардың шарасыздығын ойлағанда, осы тағдыр ертең қазақтың басына келмей ме деп ойлауға мәжбүр боласың. Осы ой басыңа келгенде, өне бойың дір етеді. Тіпті шекеңнен тер шығады.

Тұтас Солтүстік Азияны Қытайдың жаулап отырғанын білеміз. Тайландтың екі реткі премьер-министрі қытай болды. Кәдімгі қытай. Ағасы – Ташим, қарындасы – Яңла, екі мәрте Тайландтың премьері болды. Мьянманың Гоган деген штаты тұтасымен қытай. Ол тіпті Мьянманың орталық үкіметіне бағынбайды. Ол жерде қытай-мобайл ұялы телефон сервисін қолданады. «Қытай-телеком» үйіне тұрақты телефон орнатады. Адамдар юаньмен есеп айырылысады. Аты Мьянма болғанымен, заты Қытай болып отыр. Камбоджаның тұтас элитасы Қытайдың қолында.

Ал Вьетнам Қытаймен арадағы соғысы сол жердегі этникалық қытайлардың Вьетнам билігіне таласуынан шықты деп айтуға болады. Малайзияның мемлекеттік санағында – 26 пайыз қытай. Ал Индонезияда 1997 жылы индонезиялықтар мен сол жердегі тұрғылықты қытайлардың ортасында үлкен қақтығыс-қантөгіс болды. Ары қарай жалғастырсақ, тұтас Оңтүстік-Шығыс Азияны адақтап шығуға болады.

Тұтас Оңтүстік-Шығыс Азияда бір ғана мәселе бар, ол – Қытай демографиясы мәселесі. Яғни, тұтас Оңтүстік-Шығыс Азияны құжынаған қара қытай экономикасымен, демографиясымен өздерінің меңгеруіне алып алған. Міне, біз айтатын «Сингапур синдромы» деген осы. Яғни, қытайлар бір жерге барады; ақырындап азаматтығын алады; сол жерден біртіндеп жер сатып алады; өндірістері мен өнеркәсіптерін бастайды; дүкендерін ашады; инвестиция салады. Артынан, бірнеше ұрпақ өтер-өтпестен, сол жердегі саяси билікке ұмтыла бастайды. Тіпті жергілікті элитаны, билікті сатып алады. Міне, қытай осындай халық.

Тұтас Оңтүстік-Шығыс Азия түгілі, Малайзияның өзінде элитаның біраз бөлігі қытайланып үлгерді. Тұтас Африка бұл күнде қытайша үйреніп, қытайдың қызыл әндерін жаттауда. Бүкіл Африканың элитасы Қытайдың қолжаулығы болды. Қарызға белшесінен батты. Қытайдың «бір белдеуіне» қарсы Еуропаның 27 мемлекеті қол қойды. Ал біз сол «Бір өңір – бір белдеу» дейтін Еуропаға қытайдың тауарын ең тез жеткізетін жолды, яғни Қытайға керек жолды Қытайдан қарыз алып, Қытай үшін салып бердік. Ол қарыз біздің мойнымызда.

Осыдан кейін біз – тәуелсіз Қазақстан ертең екінші Сингапур болып қалмаймыз ба?! Мені алаңдататыны осы.

Айналайын, қазақтар! Біз оянайық. Мынау ата-бабамыз аманат қылып тастап кеткен ұлан-ғайыр даланы өзіміздің ұрпағымызға тәуелсіз, еркін, азат, дербес өмір сүретін ұрпағымызға аманаттап кетейік десек, біз осы қара құрттай қаптаған қытайдан сақтанайық.

Бірнеше ғасыр бұрын босқын болып, соғыстан ауып барған, саудагер, балықшы болып барған қытайлар бүгін тұтас Оңтүстік-Шығыс Азияны жаулап, ол жерде тәуелсіз Сингапур дейтін елді құрып алды. Және оның өзінде «біз тәуелсіз болмайық, сенің қарамағыңда болайық» деп жалынып тұрғанда да, малайлар оны кет ары деп, талақ қылып, талақ қылғанда да, Малайзияның парламентінде үш мәрте осы шешім оқылды. Яғни, Сингапурды үш мәрте талақ қылып тастады, екінші рет қайтадан некелесіп алмайтындай болады.

Сол үш мәрте талақ айтылған Сингапурдың тұтас халқы 1996 жылға дейін Малайзияға қосылуға дауыс береді. Мұндағы себеп не? Не синофобия? Ол – малай халқының Қытайдан сақтануы. Арлан қасқырлар қақпанға түсіп қалғанда, сирағын шайнап тастап, кетіп қалады екен. Аюлардың ішінде де сондай бір мықтылары сөйтеді. Меніңше, бүгінгі Малайзия сол кешегі Сингапурды осылайша «шайнап», ерекше оң шешіммен дербестеп тастаған екен. Сингапурды «сен, кет бізден, бөлектен» деп тастауы – ата-бабасының аманаттаған соншама жерді қиып, «болды, сен өз алдыңа кет» деген Малайзияның сол кездегі тағдырын ертең біздің қазақ қайталап жүрмей ме? Мен тек содан қауіптенем.

Мен Қытайда түрмеде отырған 500 мың қазақтың мұңын мұңдап, жырын жырлап жүрген қазақпын. Қытайда 2017–2018 жылдары тұтас молдалар мен имамдар тұтқындалып болды. Молдалардың 90 пайызы түрмеде. Қазақстанға туысшылап келген қазақтар бәрі түрмеде отыр. Қазақстанға оқимын деп келген Қытай қазақтарын, міне, біздің қолымызға жеткен дерек бойынша, қазірге дейін 79 студентті Қытай үкіметі алдап-арбап, қорқытып, бопсалап шақыртып алып, олар да қазір түрмеде отыр. Ал бізде бұл деректер үздіксіз толығуда. Қазірге дейін біздің қолымызға жеткен дерек 100-ден асты. Қытайдағы қазақтардың басындағы ауыр жағдайды тұтас қазақ қоғамына жеткізу үшін, біз осыған дейін сегіз мәрте баспасөз мәслихатын, дөңгелек үстелдерді ұйымдастырдық. Қазақ қоғамына танымал Советхан Ғаббасов, Қабдеш Жұмәділ, Қазыбек Иса, депутат Азат Перуашев, Дулат Исабеков және Расул Жұмалы, Дос Көшім сияқты ірі тұлғалар осы мәселелерді бізбен бірге көтерісіп жүрді. Рысбек Сәрсенбай ағамыз осы баспасөздердің барлығында қазақтардың басындағы осы мәселені көтеріп жүрді.

Бүгін «Сингапур синдромын» айтудағы бір ғана мақсатым – біз Қытайдағы қиналып жатқан, Қытайдың түрмесінде отырған 3 миллион мұсылманды құтқара алмаспыз. Дәл қазір Қытайдың түрмесінде отырған 3 миллионның ішіндегі 500 мың қазақты құтқара алмаспыз. Мүмкін, біз оны сылтауратып, құқық немесе екі елдің достығы, саяси қатынасы, Шанхай ынтымақтастығы, мұнай-газ жағындағы байланыс дегеннің бәрін ұмыта тұрып, ол Қытайдың ішкі ісі деп, жалтаратын шығармыз.

Бірақ Қытайдағы 3 миллион қазаққа араша түсе алмасақ та, тәуелсіз, егемен, дербес Қазақстанымызды қорғауға әрбір қазақ қақылы. Бұл – Қазақстандағы әрбір қазақтың мойнындағы борыш, парыз. Бүгін біз Қытайдан сақтанбасақ, ертең біздің ұрпағымыз қытайдың құлы болуы бек мүмкін.

Сақтанайық, қазақ! Ата-бабамыз Күлтегін ескерткішінде ескертіп тұрып жазып кеткен, «тауғаштың беттері залым» деген, «тауғаштың шайы мен шәлісіне алданбаңдар» деген тауғаш – бүгінгі Қытай. Сол Қытайдың бір үлгісі – «Сингапур синдромы». Сақ бол, Алаш баласы!

Серікжан БІЛӘШ

 

Бұл шығарлымға баға беріңіз
(0 Дауыс)
Соңғы рет өзгертілген Wednesday, 25 July 2018 12:41
Ad Sidebar

Latest Tweets

@envato_help Dear ticket id: 1266898. No one answering the ticket. 2 days without a solution. Please, check.
Insurance Agency Joomla Business Template on #Themeforest https://t.co/GKqY99ixQX https://t.co/WgAaR3wDBc
GeoBin - Digital Marketing Agency, SEO WordPress Theme Updated on #Themeforest https://t.co/drKfnOA82e https://t.co/lR8UFr7zPp
Follow Themewinter on Twitter

Post Gallery

Оралман куəлік мəселесі оң шешім таппақ.

Қазақстан азаматтары АҚШ президентінен Қытайда қамалған Қазақтарға араша сұрады.

ДІН және ҰЛТ

ХАЛЫҚ ЖАНАШЫРЛАРЫ

Қазақстанда "хуачиау" болып жүргендер бар

Бүгін Алматы қаласында АТАЖҰРТ ЖАСТАРЫ ЕРІКТІЛЕРІНІҢ ұйымдастыруымен баспасөз маслихаты өтті.

АҚШ БИЛІГІ ШЫҢЖАҢДАҒЫ ҚАЙТА ТӘРИЕЛЕУ ЛАГЕРЬНЕ БАСА НАЗАР АУДАРДЫ

АҚШ пен Қытай сауда соғысы – ел басшылығы мен халқы арасына жік түсірді

Сайрагүл ісі: Қытай мен Қазақстанның арасын аша ма?

Яндекс.Метрика