Акауынтыңызға кіріңіз

Пайдаланушы аты *
Құпия сөз *
Мені есте сақта

Аккаунты жасау

Жұлдызшамен (*) белгіленген міндетті орындар толтырылу қажет.
Аты-жөні *
Пайдаланушы аты *
Құпия сөз *
Құпия сөзді қайталаңыз *
Email *
email поштаны қайталаңыз *
Captcha *
Reload Captcha

ҚЫТАЙ КЕЛІМСЕКТЕРІ

ҚЫТАЙ КЕЛІМСЕКТЕРІ

Мейлі жеке Адам болсын, мейлі бір ұлт болсын оның мақсаты мен мүдесін уақыт есебі бойынша екіге бөліп қарауға болады: 1) көз алдындағы немесе қысқа мерзімдік мақсаты мен мүдесі. 2) алыс болашағы яғни, ұзақ мерзімді мақсат, мүдесі.

Адамды, ұлтты ұлы жеңіске жетелейтіні - алыс болашақ немесе ұзақ мерзімді мақсат мүделері болып табылады. Қазақстанның алыс болашақтағы маңызды бір мақсат-мүдесі жердің байлығын сатудан түскен қаржыға сүйеніп күн көріп отыра беру емес, шаруашылығы мен өндірісін дамыту, шаруашылығы шалқыған, өндірісі өркендеген, қуатты елге айналып қазба байлықты сатып күн көру тəуелділігінен арылу. Әрі осы бақытта өз шамасынша жұмыс жасап та жатыр.

Қазақстан сияқты Қытайдың (ҚХР) да алыс болашақ, ұзақ мерзімді мүделері бар. Қытайдың алыс болашақ мүлесі – «өндіріс пен шаруашылықта пайдасына келісіп істеу», «екі ел бірлесіп істеу», «екі жаққа да пайдалы іс істеу», «дос ел», «тату көрші», «стратегиялық әріптес», «бір белдеу бір жол» деген қарамаққа өзіне де, өзге елге де тиімді көрінетін ұстанымдарды пайдалана отырып алыс-жақын елдерге өндіріс құрал-жабдықтары, завод-фабрикаларымен бірге «маман» деп аталатын маркасымен қытай азаматтарын да өзге елге экспорттау. Яғни, дайын өнімді ғана емес, сол өнімді өнідетін өндіргіш күшті де экспорттау.

«Қытайға Қазақтың мұнайы да, газы да қажет. Бірақ, дәл қазір Бейжіңге Қазақстанда жүрген қытайдың санын арттыру, көбейту маңызды. Қазақстандағы Қытайдың саны сіз бен біз ойлағаннан әлдеқайда көп» - Мұрат Әуезов

Қытай билігі Қытай азаматтарын экспорттауда қандай теорияға сеніп, қандай заңға сүйеніп отыр?

Ғылыми теориялық негіздер бойынша мұнда («мамандарын» экспорттауда)Қытай халқы да, билігі де ең бастысы материалистік диалектиканың «сандық өзгеріс - сапалық өзгеріске ауысады» заңына сенеді әрі осы заңға сүйенеді.

Біз Қазақ "Сандық өзгерістер – түбі бір сапалық өзгеріске ауыспай қалмайды" деген заң есімізге түсіп жатса айтамыз да қоямыз. Ал әр бір оқыған көзі ашық көкірегі ояу Қытай азаматтары, Қытай басшылары, Қытай билігі бұл заңдарға өте қатты мəн береді. Қалтқысыз сенеді əрі əрқашан осы заңға да сүйене отырып іс жүргізеді. Мысалы, Қытаймен бірлесіп жүргізуге келіскен бір заводпен ілесіп кемінде 50 Қытай «маманы» келсе (іс жүзінде кейбір заводында одан əлде қайда көп қытай "маман" болып жұмыс істеп жүрген болуы мүмкін) кейбір дерек бойынша Қазақстанда 2000 нан астам коммерциялық ұйымдары/организациялары (компания, фирма, ИП, т.б.) жұмыс жасап жатса, Яғни, 100000 Қытай Қазақстанда жұмыс жасап, басқа да шаруаларын тындырып жатыр деген сөз.

Бұл мәліметтер екі ел билігінің келісіп істеп жатқан қытай коммерциялық ұйымдарының саны. Ал жекелеген қазақстан азаматтары, кәсіпкерлері мен қазақстанның үлкенді-кішілі коммерциялық ұйымдары өзбеттерінше қытай кәсіпкерлерімен келісіп істеп жатқаны неше жүз немесе қанша мың екенін ешкім білмейді. Оларда жалпы қанша қытай жұмыс істеп жүр бір Құдай өзі біледі. Мысалы, Қазақстанға келіп сауда жасап, емдеу орталықтарын, ресторан, кафе, супермаркет т.б. ашып жатқан, қытайда өндірілген БАТ ты қазақ жеріне мақтап сатып жатқандар да аз емес. Ал осы қазақстанның түкпір-түкпірі мен қала, қалашық, аудан көшелерінің бұрыш-бұрыштарында ісін дөңгелетіп отырған қытайлардың қаншасы қазақстан азаматтығын алып үлгерді, қаншасы қазақ қызымен үйленіп алды, олардың да нақты санын біз қарапайым халық білмейміз. Әдетте Қытайлар айлығын төлеп жұмысты басқа ұлт өкілдеріне (Дүңген, Ұйғыр, Орыс, Қазақ, т.б.) істетіп қояды да өздері квартирасында телефонмен сөйлесіп бизнесін басқарып, жүргізіп отырады. Айтайын дегенім: Қытайлардың келіп жатқандары бар, визасының уақыты бітіп қайтадан кетіп жатқандары бар, арасында амалын тауып Қазақстанды мекендеп қалып жатқаны да бар. Бір сөзбен айтқанда Қазақстанда егемендік алған жылдардан бері біраз Қытай (нақ қанша?/ 2010 жылдары 5000 қытай азаматтық алған деп оқығанбыз) Қазақстан азаматтығын алып үлгірді, Қазақстардан қыз алып құда да болып үлгірді. Енді бұл процесс тоқтамайды, ҚР-ның бүгінгі күндегі қолданыстағы заңнамалармен (мысалы, «неке-отбасы заңнамасы», т.б.) тоқтата да алмайсың. Себебі Қазақстан азаматтығын алған Қытайдың және Қазақ қызынмен үйленген Қытайдың Қытайда (ҚХР) туған-туысқандары бар, оларды қасына (Қазақстанға) шақырып алып бірге, бір жерде тұруға құқығы бар. Қолданыстағы заңымызбен оған тосқауыл қоя алмаймыз. Әрине, өкінішті. Бұл сандық өзгерістерді (келіп жатқан, келіп қалып қойып жатқан Қытайларды) тоқтата алмасақ – уақыт өте Қазақстанда Қазақ ұлты азшылық, Қытай ұлты көпшілік тұрғынына айналатындығы тұрақты заң екенін жоғарыда айтылғаннан білеміз.

Өкініште орай билік те бұл салада халыққа ашықтық пен жариялылық танытуға аса белсенділік отырған жоқ сияқты. Ал жүйелі бір ізге түскен халықтық бақылау біздің елде жоқтың қасы тіпті жоқ деуге де болатын шығар. Еліміздің  құқық қорғау органдары және де басқа қатысты органдар мәліметтерді құпия ұстайды немесе өздері де статистикаға қол жеткізе алмай бәрі «құпия» деп жылы отырған болуы да мүмкін. Яғни, елімізде қанша Қытай азаматы жүр, қаншасы Қазақстан азаматтығын алып үлгірді, қаншасы Қазақ қызымен үйленіп Қазаққа күйеу бала, құда болып кетті. Халық одан бей хабар. Осы орайда халықтың Қазақстанның Қытайласып екінші Сингапурға айналып кетуінен алаңдауы орынды деп ойлаймын.

Не үшін Қытай азаматтары шетелге қоныстанып (мекендеп) қалуға, шетел азаматтығын алуға, билігі өз азаматтарын өзге елге экспорттауға мүделі?

1) Бұған бірінші себеп адам саны көп, тығыз орналасқандықтан жұмыссыздар саны да жеткілікті болатыны сөзсіз. Кең-байтақ жерімізде Қытайдың бір қаласының адам санына жетпейтін Қазақстандықтардың өзінде қаншама жұмыссыздар бар, сондықтан, Қытайда жұмыссыздар жоқ деу есі дұрыс адамның сөзі емес. Өз елінен жұмыс таппағандар тәуекелге барып шетелге кетіп бағын сынап көруді ойламайды дейсіңбе.

2) Халқының 80 пайызы жер емшегін еміп өмір сүріп жатқан әр қытайда алақандай ғана жердің тиеселі болуы; еңбек нарығында бəсекенің өте жоғары болуы оларды мүмкін болса жері кең, адамы аз, бәсекелесі аз өзге елде қоныс аударып тіршілігін жасауға итермелейді.

3) Қытайда жиырма неше жылға созылған «баланы аз туу, дені сау сапалы бала туу, баланы сапалы тәрбиелеу, бір отбасына – бір бала алуға рухсат, т.б.» саясатының кесірінен билікке білдіртпей өсірген ұрпақ та жеткілікті көрінеді. Еш жерде тұрақты тіркеуі, азаматтығы жоқ ондай жас Қытайлардың санын біреулер 10 миллион десе, енді біреулері 30 миллионға жетеді дегенді бір естігенмін. Азаматтығы барлардың өзі жұмыс таба алмай отырғанда тіркеуі, азаматтығы жоқтарға қайдағы жұмыс. Шетелге кетуді бірінші кезекте өте қатты армандайтындар әрі сол үшін барын салатындар осылар болуы мүмкін.

4) Өндіру мен тұтыну тепе-теңдігінде, Қытайда сұраныстан ұсыныс əлде қайда асып кеткені қай заман. Яғни, өндіруші көп, өз жерлеріндегі алушылар тояттаған әрі тұтыну өресі де жоғарлаған. Бұл өз кезегінде өнім өндіруші заводтардың өндірген өнімдерін өзге елге экспорттауға, әсіресе танымалдылығы жоқ өндірушілер өздерінің сенімді адамдарының өзге елде мекендеп тұруын, осылайша шетелдегі сенімді өз өкілдерін көбейту арқылы сапасыз өнімдерін шетелге өткізіп тұруға мүделілікті тудырады.

5) Адамның күнделікті өміріне қажетті товарларға қытайдың өзіне қарағанды шетелде сұраныс жоғары. Сондықтан, өз еліндегі өндірушілерді жақсы білетін қытай азаматтары, кәсіпкерлері, саудагерлері маңайындағы өндірісі дамымаған елдерге мекендеп тұрып саудасын (Қытай өнімдеріне деген) товарларға сұранысы жоғары болған өзге елде жүргізуді қалайды.

6) Соңғы жылдары Қытай билігі ұлты қытай болып табылатын қытай азаматтарының шетелге шығуына керек құжаттары мен паспорттарын бітіріп беру рәсімдерін барынша жеңілдетуде. Әр бір шетелге шығатын азаматтарына қаржылық жақтан жеңілдіктер жасау және қаржылай көмек көрсету жағын да қолға алған көрінеді. Яғни, өз азаматтарының шетелге шығуына барынша оңтайлы жағдай жасауда. Осындай жеңілдіктер жасаудың астарында өндіргіш күштерді экспорттау жымысқы саясатының тұрғанын аңғару қиын емес.

7) Әр бір қазақстан азаматтығын алып қазақстанды мекендеп қалған Қытай өздерін өте азшылық, қорғансыз сезініп, енді олар туыс, таныс, жерлестерінің көбейтіп, өздерінің қытайласқан ортасын қалыптастыруды қалайды. Осылайша арттағы яғни қытайдағы өздеріне жақын адамдарды шақырып өз орталарын толтырып, үлкейте береді. Осылайша әр ел, әр қалада өздерінің шоғырланып мекендеген «Chinatоwn» атты райындарын қалыптастырады. Бірақ, соңғы кездері Chinatown халықарада көп сөз бола бастағандықтан, ақпарат алмасу құралдарының дамуына байланысты бытырап орналасу, жат ел, жат жұрттықтардың көзіне түспеу бағытын ұстануда.

8) Ұзақ жылдық қытайдың «Бір отбасы бір ғана балалы болу» тууыды шектеу саясатының нәтижесінде әр отбасы ұл баланы ғана дүниеге әкелуге тырысып, қызбаланы құрсақта жатқанда жасанды жолмен түсік тастатып отырған. Соның нәтижесінде қазіргі кезде қытайда  әйелдерден еркектер саны артып, сұр бойдақтар көбейген. Мейлі нақты қанша бар екенін анықтай алмасақ та сұр бойдақтың көптігін санамай-ақ межелеуге болады. Олар да болашаққа өз ұрпағын жалғастырғысы келетіндіктен ақшасын шашып отырып, амалын тауып алыс-жақын шетелге кетіп өзге елдің азаматшаларының құрсағының арқасында бала сүю, ұрпақ жалғастыру мақсатына жетуге мәжбүр.

9) Ішкі қытайда бос тұрған жер жоқ. Барлық жер бұрыннан бері өздерінің егін салып, көкөніс өсіріп келе жатқан жерлері. Жыл сайын пайдаланып келе жатқандықтан жерінің құнары кеткен. Орманы сиреп, жайылымдары мүлде азайып, егiстiк алқаптар уланып, экологиялық апат келіп жеткен. Тіпті «Химиялық тыңайтқыштарды үстемелеп қолданбаса егін, көкөніс мүлде шықпайтын болған» деп естігенмін. Оған тағы əртүрлі зиянкесті насекомдарға қарсы қолданатын улы дəрілерді қосыңыз. Сонда ішіне неше түрлі адам ағзасына зиян химиялық зат сіңіп кеткен тағамды жеген Адамда қай жарыған денсаулық болады. Менің бір досым (ғалым) «ішкі қытайда (шығысы мен оңтүстігі) ауыл шаруашылығындағы қолданыстағы жерлердегі топырақтың улануы кей жерлерде 170 метр тереңдікке жетіп, бұл жерлер табиғи жолмен қалпына келу үшін 1000 (мың) жыл керек» деп айтқан еді. Бұны Қытай өздері бізден жақсы біледі. Әрине бұған тек өздері кінәлі. Ендеше осыны білетін әр қытай өз ұлтын құтқарудың жалғыз жолы - жерінің құнары бұзылмаған шет елге қоныстану. Осылайша қолынан келсе əр қытай шетелге көшіп өз ұрпағының денін сау, аман алып қалғысы келеді.

10) Өз кезегінде қытай билігі халқының, Қытай азаматтарының осы арман-мақсатын тиімді түрде жүзеге асыруға ыңғайлы шарт-жағдай жасау үшін өндірісі, шаруашылығы дамымаған, техникасы мешеу елдерді түрлі тəсілдермен қарызға батырып, шенеуліктеріне жасырын пара беріп, алдын-ала мұқият ойластырылып дайындаған жоспарлары бойынша оларды (өзге елдер мен өзге ел шенеуліктерін) бірден-бірден, ақырын-ақырын дегеніне келістіріп, көндіріп отырады. Пара берудің ерекше эффективті ролын да қытайлар бұрыннан ұтымды пайдалана біледі.  

11) Неше он, неше жүз жыл бойы құнарсыз, химиялық заттармен уланған тағамдық заттарды жеп өскен адам ұрпақтан ұрпақта жалғасып кете берсе - ең соңында адам организмі де азып, əуелгі сапасын жоғалтады. Себебі - адам организмінің арқауы - ас. Ас бұзылса - организм бұзылмай қайда барады. Бұл құтты сапасыз бензин, сапасыз майлардың сапалы машинаны да құртып тынатынын білетініміз сияқты. Осы орайда тұтас ұлтты құтқарудың жолы - құнарлы жерде табиғи тағам жеп өсіп-өніп отырған өзге ұлтпен аралас некені мақсатты, жоспарлы түрде қолға алу болады. Айтқаныма сенбесеңіз қарапайым түрде үй тауығы мен тауық фабрикасының жұмыртқасын жеке-жеке пісіріп түсін, дәмін салыстырып көріңіз.

12)机不可失,时不再 (jī bù kě shī,shí bù zài lái). "Орайды қолдан жібермеу" қағидасын қытайлар берік ұстанады. Қазір қытай елінің экономикалық, техникалық, əсери, ақпарат т.б. қай-қай жақтан болса да дамып күшейген, халықаралық ықпалы да күшейген заман. Тарих сахнасында бір елдің басында тұрақты тұра бермейтін мұндай бақыт пен күш-қуат жəне басқа да өзге елде жоқ мүмкіндіктерді пайдалана отырып өздерінің қол жеткізбек болған үлкен мақсат, мүделерін жүзеге асыру үшін үркітіп-қоқыту, күш көрсету, бопсалау, бұрынғы келісім-шарттардың күшін жою, халықаралық нормалар мен міндеттерге көз жұма қарау, өзге елдер мен халықаралық ұйымдардың өтініші мен ұсынысына жауап бермей қою (себебі мемлекеті күшті) т.б. адамшылық пен халықаралық жəне құқықтық нормаларға жат іс-әрекеттерге барады. Себебі мұндай (дамыған, күшейген) мүмкіндіктер бір ел немесе бір ұлттың басында əр дайым бола бермейтінін, уақыты, реті келіп тұрғанда пайдаланып қалмаса, келіп тұрған орайды өткізіп алса бас бармағын тістеп қалатынын өздері жақсы біледі.

13) 反客为主(fǎn kè wéi zhǔ) - 意思是客人反过来成为主人,比喻变被动为主动。Тек қытайда ғана «нашар үйді қонағы басқарады» деген қулық, айласы бар. Бұл жекелеген адамдар арасындағы қарым-қатынас пен қайшылықта қолданатын жай ғана түлкі қулық емес. Керісінше қытай халқының өзге ел, өзге ұлтқа ықпалын күшейту, өзгелерге билігін жүргізу, басқару, реті келгенде бейбіт тəсілмен (демографиялық, т.б. жолмен) жаулап алу үшін жиі қолданатын саяси тактикасы ретінде қалыптасқан. «Жаман үйді қонағы басқарады» деген айласының негізгі мазмұны мынадай: а) өзге ел, өзге ұлттың жеріне қонақ болып бару. ə) барған соң қайтып келетіндей ынжық, қара бет, масқара болмау. Қайтып келмеу, сол жерді мекендеп қалу. Б) барған жерінде өзі ғана жүрмей артыңдағы туысқан, ағайын, дос-жараныңды да шақыру, қасына алу. Өз ортасын қалыптастыру. В) жұмысын істеп, қызмет көрсетіп, сол халықтың көзіне түсіп, сол елге жақсы көріну. Г) Осы арқылы қолдауға ие болып, қолына билік алып жергілікті халықты басқару. Міне нашар үйді қонағы басқарады қулық-айласының нақтылы жүзеге асу этаптары осылай жүріледі. Бұл қытайлардың тарихтан бері жиі қолданып тізесі шыққан көне дəстүрлі айласының біреуі болып табылады.

14) Əлемдегі ешбір ұлт өз еркімен, саналы түрде басқа ұлтқа ассимиляцияланып немес еш себепсіз топтық суицидке бармайды. Сондықтан, Бір ұлт ассимиляцияланып құрып-жойылса - ол басқа бір билеуші ұлт, ел немесе биліктің қате немесе сайқал саясатына ұшырап, мəжбүри түрде болған. Əлемдегі қызыл кітапқа енген жануарлар да жайдан-жай, қарап тұрып өз-өзінен тұқымы құруға шақ қалмаған. Оған бүгінгі адамзат қоғамы дамуының кері әсері (орманның оталуы, жануарлар өмір сүретін ортаның тараюы, экологияның бұзылуы, т.б.) тиюде. Сондықтан, Қытай саясатының ызғарын сонау тарихтан бері бүгінгі Қытай территориясы ішінде мекендеген қанша ұлт Қытайласып, қанша ұлттың жері Қытайдың жері болып кеткенінен білуге болады.

Арғы тарихты айтпай-ақ қояйық, кешегі 1949 жылдан бері айтқанда Қытайдағы Қытай ұлтынан басқа 55 азсанды (жан саны аз) ұлттың қайсысы Қытайласпады? қайсы ұлттың жерін қалың Қытай иммигранты басып қалмады? айтқаным өтірік, негізсіз болса ондағы Қытайдан басқа өзге азсанды ұлттар көлге тамған бір тамшы сиядай өз жері, өз мекенінде қаптаған қалың қара нөпір Қытайдың арасында көрінбей қалмас еді, жоқ болып кетпес еді ғой. Сенбесеңіз Қытайдағы 55 азсанды ұлт мекендеген өңірлерді аралап көріп келіңіз. Қытай билігінің əсіре ұлтшылдық саясаты бүгінгі күнде Шыңжаңда ашық-əшкере жүргізілуде. Оны бəріміз де естіп біліп отырмыз. Сондықтан, «о тықыр бұ тықырға ұқсамайды» демекші жоғарыда атап өтілген 14 түрлі мазмұнды қорытып айтқанда өзге елдің келімсектері мен Қытай келімсектерінің себеп-салдары ұқсамайды.

15) Құран Кәрим МӘИДА СҮРЕСІ: «Әй мүміндер! Сендерден бұрын Кітап берілгендерден діндеріңді сайқы-мазаққа ойыншық еткендерді дос тұтпаңдар және кәпірлерді де дос көрмеңдер. Егер мүмін болсаңдар, Алладан қорқыңдар. (57)»; «Әрине мүміндерге адамдардан ең қатты дұшпан түрінде Яһудилерді, Мүшріктерді табасың. Және мүміндерге сүйіспеншілік тұрғысынан олардың жақынырағын: “Біз Христианбыз” дегендерден табасың. Бұл олардың даналары, тақуаларының болуы және олардың менменсімейтіндіктері себепті. (82)»

Міне сондықтан, Қытаймен болған экономикалық, т.б. түрлі қарым-қатынаста өте сақ болуға тиістіміз. Сақ болу үшін олар туралы көп білуге тиіспіз. Құр білгеннен де пайда жоқ. Қолынан іс келетін немесе қолында билігі бар азаматтар, қазақ билігі оны халқымыздың дербес (өзге ел, өзге ұлтқа тәуелсіз) өсіп-өркендеуі, дамуы, күшейуі үшін қолдана білмесе.

Кенжебек  Құдысұлы 2018-07

Бұл шығарлымға баға беріңіз
(1 Дауыс)
Ad Sidebar
Яндекс.Метрика