Акауынтыңызға кіріңіз

Пайдаланушы аты *
Құпия сөз *
Мені есте сақта

Аккаунты жасау

Жұлдызшамен (*) белгіленген міндетті орындар толтырылу қажет.
Аты-жөні *
Пайдаланушы аты *
Құпия сөз *
Құпия сөзді қайталаңыз *
Email *
email поштаны қайталаңыз *
Captcha *
Reload Captcha

Бас мүфтиге ашық хат

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы,
бас мүфти Серікбай қажы Ораз хазретке!

Құрметті Серікбай қажы!

Соңғы 2 жылда Қытайдағы саяси жағдайға байланысты ол жақта қайтыс болған қандастарымызға арнап Қазақстандағы туыстарының "Ғайып" жаназа намазын оқуға айрықша қажеттілік туындауда. Себебі Қытайда Ислам дінінің шариғат талаптарын орындауға қатаң тиым салынған. Исламның кез-келген дәстүрлі іс-шараларын ерікті атқарған адам бірден саяси қудалауға ұшырап,соңы жазықсыз сотталуға дейін барып жатыр. Саяси үйрену лагеріне аман-сау акетіліп,аз уақыт ішінде сүйегі келген молда, имамдар саны күн санап артуда.
Біз Қытайдан келген қандастармен тығыз жұмыс жасағалы ол жақта қайтыс болған туыстарына арнап жаназа намазын оқу туралы халықтан көптеген сауалдар мен өтініштер келіп түсіуде. Алғашында мұның жөні қалай болатынын білмегендіктен ондай істерге араласудан бас тартып, өтініштерді үнсіз қалдырған едік.
Алайда мұндай жағдайлар жиі қайталанған соң, діни сауаты бар имамдардан кеңес алып, ғайып-жаназаның жөн-жосығын сұрап білдік. Одан бөлек, Түркия қазақтары Стамбұл қаласы Зейтінбұрны мешітінде саяси қайраткерлерді, халықаралық ақпарат құралдары өкілдерін, атақты журналистерді, қоғам белсенділерін шақырып, Қытайда жаназасыз көмілген, мәйіт-сусыз, кебінсіз жерленген мұсылмандарға,соның ішінде қазақ бауырларға арнап ғайып жаназа өткізді. Бұл ақпарат он-лайн желісінде тікелей эфирде беріліп, дүниежүзі ақпарат құралдары жарыса хабарлады. Бұл мұсылмандар әлемінде айрықша жаңалық болды, әлем мұсылмандары қолдады. Осы мәселе соңғы кездері көбейіп кеткендіктен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының діни-пәтуа бөліміндегі Сансызбай Құрбан ұлы ұстаздан Серікжан Біләшұлы ақыл-кеңес сұрап, ауызша пәтуа алған еді. Сансызбай ұстаздың ғайып жаназаға берген пәтуасының аудиожазбасы да бар. Яғни, біздің имам ағзам Әбу Ханифа мазхабында нақты рұқсат етілмегенмен, басқа мазхабтарда рұқсат еткен дейді. Түркия қазақтары да сол бойынша ғайып жаназа өткізіпті. Сондықтан ғайып жаназа туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасынан ресми түрде бір пәтуа беруіне алыс-жақындағы ағайынның өтінішімен осы бір маңызды ұсынысты өзіңізге жолдап отырмыз. Өйткені иісі мұсылман үшін, әсіресе қазақ үшін – қайтыс болған жақынының жаназасын шығару – ең үлкен парыз. Ал ата-анаңды яки балаңда, туған-туысыңды жаназасын шығармай жерлеу – ең үлкен қасірет, сүйекке таңба деп қарайтын ұлттың өкіліміз. Осыған байланысты, Сізден сұрайтынымыз – ғайып жаназа шығару мәселесіне айрықша көз қарас,тиімді пәтуә бергізсеңіз екен. Екіншіден, жұма уағызынан кейін ресми түрде Қытайдағы қаракөз қазақтарымыздың Қытай қысымынан түрмеде өліп жатқандарына Алла тағаладан жарылқау тілеп, түрмеде отырған 500 000 қазаққа және саяси қыспаққа ұшырап отырған, тұтасымен құжаттарынан айырылып, Қазақстандағы бала-шағасына, туған-туысқандарына жете алмай отырған қазақтарға арнап Алла тағаладан оларға жеңілдік тілеп, дұға жасасаңыздар деген тілегіміз бар.


1. Абзал Құспан
2. Серікжан Біләшұлы
3. Қыдырәлі Оразұлы
4. Сәуле Әбілдаханқызы
5. Шаяхмет Қалиұлы
....................................
Үшбу ашық хатқа жүздеген адам қол қоюға ниетті, алдағы күндерде сол ұзын-сонар тізімдіктің түпнұсқасын Мұфтиятқа тапсырамыз.

Бұл шығарлымға баға беріңіз
(7 Дауыс)
Соңғы рет өзгертілген Дүйсенбі, 16 Шілде 2018 17:15

2 Пікірлер

  • Botagoz
    Пікір сілтемесі Botagoz Дүйсенбі, 23 Шілде 2018 13:04

    *** Система подсказок ***
    Это частный комментарий. У вас нет прав для просмотра.

    Report
  • Ермұқамет Жеңісгүл
    Пікір сілтемесі Ермұқамет Жеңісгүл Сейсенбі, 17 Шілде 2018 01:19

    Өте дұрыс келісемін. Жалпы бұл Серікжан Біләшұлы қандай мәселе көтерсе де өте орынды. Өйткені бұл кісі бірінші Алланың заңына, екінші егеменді еліміз Қазақстанның заңына сәйкес жұмыс жасайды. Сондықтан бұл кісіге өз басым бір ауыздан қосыламын. Қазақта өлі разы болмай, тірі байымас деген аталы сөз бар!

    Report

Пікір қалдыру

Жұлдызшамен (*) көрсетілген барлық қажетті ақпаратты енгізгеніңізге көз жеткізіңіз. HTML-кодқа жол берілмейді.

Ad Sidebar

Latest Tweets

SeoBin | Marketing Agency HTML Template updated with 2 new home https://t.co/mxLG1wKFPc https://t.co/w4arzHoAVx
RT @dhh: MailChimp is an inspiration! $300M+/year in revenues, profitable, based in Atlanta, NO VC. Wonderful. 🐒❤️ https://t.co/qmj0MNAQOo
Barrister - Responsive Law Business @joomla Template setup guide! https://t.co/GwqHcdxyDi https://t.co/qzEEldYie3
Follow Themewinter on Twitter

Post Gallery

АҚШ БИЛІГІ ШЫҢЖАҢДАҒЫ ҚАЙТА ТӘРИЕЛЕУ ЛАГЕРЬНЕ БАСА НАЗАР АУДАРДЫ

АҚШ пен Қытай сауда соғысы – ел басшылығы мен халқы арасына жік түсірді

Сайрагүл ісі: Қытай мен Қазақстанның арасын аша ма?

Қытайда Дөрбөлжін ауданда бір отбасындағы 4 адамға жасаған зулымдық әрекеті.

«СИНГАПУР СИНДРОМЫ» –қазақ одан қалай қорғана алады?

МЕМЛЕКЕТІМІЗ БЕН ҰЛТЫМЫЗ СЫНАЛАР СОТ

ҚЫТАЙ КЕЛІМСЕКТЕРІ

Германия үкіметі Сайрагүл Сауытбайға араша түсті.

Бас мүфтиге ашық хат

Яндекс.Метрика