Акауынтыңызға кіріңіз

Пайдаланушы аты *
Құпия сөз *
Мені есте сақта

Аккаунты жасау

Жұлдызшамен (*) белгіленген міндетті орындар толтырылу қажет.
Аты-жөні *
Пайдаланушы аты *
Құпия сөз *
Құпия сөзді қайталаңыз *
Email *
email поштаны қайталаңыз *
Captcha *
Reload Captcha

"Қытайдағы қазақ мәселесі. Сайрагүл Сауытбайға араша" атты баспасөз мәслихатына шақырамыз

Баспасөз мәліметі

16 шілде күні сағат 10.00-де «Атажұрт» ерікті жастар ұйымы «Қытайдағы қазақтар мәселесі. Сайрагүл Сауытбайға араша!» тақырыбында баспасөз мәслихатын өткізеді.
Спикерлер: Адвокаттар алқасының мүшесі Абзал Құспан, «Атажұрт» жастар ұйымының жетекшілері: Серікжан Біләшұлы, Қыдырәлі Оразұлы, ҚР Журналистер одағының мүшесі Сәуле Әбединова.
Бүгінгі таңда Қытайдағы қазақтар мәселесі туралы, мұсалмандардың жаппай қудалауға, саяси, діни қуғын-сүргінге ұшырап жатқандығы туралы қазақстандық ақпарат құралдары да, шетелдік, халықаралық ақпарат құралдары да жарыса жазып, хабар таратуда. Халықаралық ақпарат агенттіктерінің және халықаралық сарапшылардың болжауынша, Қытай түрмелерінде жазықсыз қамауда отырған мұсылмандар саны 1 млн-ға жетуі мүмкін.
Қазақстанда бұл мәселеге ең алғашқылардың бірі болып «Атажұрт» ерікті жастар ұйымы назар аударды. Олар бұл тақырыпты қоғам назарына ұсынып, жаппай талқыға салғалы 1 жылдан асты. Содан бері:
- 500-ге жуық арыз және видеоарыз қабылданды;
- ҚР СІМ жәшік-жәшік арыз тапсырылды;
- Ағылшынтілді ақпарат құралдарында 100-ге жуық мақала жарияланды (мақалалар тізімі қосымша ұсынылады);
- Батыс елдеріндегі қытайтілді ақпарат құралдарында 100-ден аса мақала жарияланды;
- Жүздеген арыз ағылшын, қытай тілдеріне аударылып, БҰҰ Адам құқықтарын қорғау жөніндегі комитетке әзірлену үстінде;
- 11 Қазақстан азаматы елге оралды;
- «Атажұрт» еріктілер ұйымы бір жарым жылдан бері асыраушысыз қалған ондаған отбасыларға материалдық және қаржылай көмек көрсетіп, қыста көмірін түсіріп, ас-сумен қамтамасыз етіп отыр;
- Оқу мерзімі аяқталып, жатақханадан шығып, далада қалған Қытайдан келген 80 студентке уақытша жатақхана жалдап, оларды ас-сумен қамтамасыз етіп отыр т.б.

Бүгінде Қытай мәселесіндегі ең өзекті тақырып – Сайрагүл Сауытбайдың ісі.
21 мамыр күні Сайрагүл Сауытбайды Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Бәйдібек би ауылындағы үйінен таңғы 9.00-9.30 шамасында ұстап әкеткен. Оған ҚР Қылмыстық кодексінің 392 бабы 1 бөлігі бойынша айып тағылып (шекараны заңсыз кесіп өту), содан бері қамауда отыр.
9 шілде күні Сайрагүлдің алғашқы сот отырысы өткен еді. Ол отырыста Сайрагүл де, оның адвокаты Абзал Құспан да сот ісі қазақ тілінде жүргізілуін талап етті. Судья Динара Тұтқабаева айыпталушы жақтың талабын қанағаттандырды. Келесі сот отырысын 13 шілде сағат 10.00-ге бекіткен болатын.
Осы баспасөз мәслихатында соттың өту барысы, Сайрагүл Сауытбайға қатысты тың деректер ашық айтылатын болады.

Өтетін күні: 16 шілде, сағат 10.00
Өтетін орны: 050035 Алматы қ., 8 ықшам аудан 4 А үй, 423-428 кеңсе. Адам құқығын қорғау жөніндегі халықаралық бюро. (Өтеген батыр көшесі, Абай көшесінің қиылысы. «Әл-Таир» мейрамханасының ғимараты, 4 қабат)

Ұйымдастырушы: «Атажұрт» ерікті жастар ұйымы.
Байланыс телефондары:
8 747 063 9031 Серікжан,
8 707 266 8899 Қыдырәлі
8 707 570 0407 Сәуле.

*Достар! Бөлісулеріңізді өтінемін.


(Сәуле Әбілдаханқызының Facebook парақшасынан )
https://m.facebook.com

Бұл шығарлымға баға беріңіз
(2 Дауыс)
Соңғы рет өзгертілген Friday, 13 July 2018 03:11
Ad Sidebar

Latest Tweets

@envato_help Dear ticket id: 1266898. No one answering the ticket. 2 days without a solution. Please, check.
Insurance Agency Joomla Business Template on #Themeforest https://t.co/GKqY99ixQX https://t.co/WgAaR3wDBc
GeoBin - Digital Marketing Agency, SEO WordPress Theme Updated on #Themeforest https://t.co/drKfnOA82e https://t.co/lR8UFr7zPp
Follow Themewinter on Twitter

Post Gallery

Оралман куəлік мəселесі оң шешім таппақ.

Қазақстан азаматтары АҚШ президентінен Қытайда қамалған Қазақтарға араша сұрады.

ДІН және ҰЛТ

ХАЛЫҚ ЖАНАШЫРЛАРЫ

Қазақстанда "хуачиау" болып жүргендер бар

Бүгін Алматы қаласында АТАЖҰРТ ЖАСТАРЫ ЕРІКТІЛЕРІНІҢ ұйымдастыруымен баспасөз маслихаты өтті.

АҚШ БИЛІГІ ШЫҢЖАҢДАҒЫ ҚАЙТА ТӘРИЕЛЕУ ЛАГЕРЬНЕ БАСА НАЗАР АУДАРДЫ

АҚШ пен Қытай сауда соғысы – ел басшылығы мен халқы арасына жік түсірді

Сайрагүл ісі: Қытай мен Қазақстанның арасын аша ма?

Яндекс.Метрика