Акауынтыңызға кіріңіз

Пайдаланушы аты *
Құпия сөз *
Мені есте сақта

Аккаунты жасау

Жұлдызшамен (*) белгіленген міндетті орындар толтырылу қажет.
Аты-жөні *
Пайдаланушы аты *
Құпия сөз *
Құпия сөзді қайталаңыз *
Email *
email поштаны қайталаңыз *
Captcha *
Reload Captcha

Сайрагүлдің соты ертең

Сайрагүлдің соты. Сауға сұрап келген Сайрагүлді өзекке тепкендей қылмайық!


Ертең Алматы облысына қарасты Панфилов аудандық сотында (Жаркент қаласы) Қытайдың саяси сүргінінен қашып келген қазақ әйелі Сайрагүл Сауытбайдың соты өтеді.
Сот аудан орталығы Жаркент қаласында орналасқан. Соттың өтетін уақыты – 10:00-де.
Естеріңізге сала кетейік, шекараны заңсыз бұзып өтті деп тұтқындалған Сайрагүл Сауытбайдың ісіне қатысты алғашқы сот отырысы 9-шілде күні Панфилов аудандық сот ғимаратында өткен еді.
Оған Сайрагүлдің тағдырыға бей-жай қарамайтын қазақ азаматтары жан-жақтан, жер-жерден жиылды. Мақсат біреу - Сайрагүлге қолдау білдіру.
Сол сот отырысы жайлы аз-кем ақпарат бере кетейік, енді. Сот шілденің 9-күні өтті. Судья Динара Құйқабаева деген ханым екен. Ал айыптаушы прокурор Арзыгүл Имярова.
Сот алғашында Кремль билігінің ресми тілі саналатын – орыс тілінде басталды. Оған себеп – Сайрагүлді алғаш тұтқындаған және Мемлекет тарапынан белгіленіп берген қорғаушы орыс тілді болып шыққан. Ал Сайрагүл орыс тілін білмейтіндіктен, ортада аудармашы тағайындалған.
Ал 9-шілдедегі аллғашқы сот отырысында Сайрагүл сөз алып, өзінің қазақ тілін еркін меңгергендігін айтты. Сөйтіп, сот процессін әрі қарай қазақ тілінде жалғастыруды сұрады. Өз құқығын қазақ тілінде толықтай қорғай алатынын жеткізді.
Сайрагүлдің талап-тілегін оның қорғаушысы Абзал Құспан мырза да қолдады. Ол аз десеңіз, айыптаушы прокурор да Сайрагүлдің талабына қарсылық көрсетуге негіз жоқ екенін айтып, қанағаттандыруды сұрады.
Осыдан кейін, Судья Құйқабаева ақылдасу үшін үзіліс жариялады. Аз-кем үзілістен кейін, шешім қабылданып, Сайрагүлдің талап-тілегі қанағаттандырылды. Алдайда, тергеу материалдары орыс тілінде жүргізілгендіктен, іс материалдарын аудару үшін сот отырысын кейінге шегерді.
Айтпақшы, 9-шілдедегі сот отырысына еліміздің және шетелдік ақпарат құралдары да келіп қатысты. Атап айтсақ, белгілі журналист, «Алтын Жұлдыз» сыйлығының иегері Сәуле Әбідаханқызы, журналист, «ҚР Ақпарат саласының үздігі» Нұргелді Әбдіғаниұлы бастаған, «Азаттық радиосы», «Время» гәзеті, «Франспресс» агенттігі тілшілері де Сайрагүлдің сотында болды.
Шекаралық бақылау қызметі тұтқындаған қытайлық қазақ әйелі Сайрагүл Сауытбай қазір Панфилов ауданында қамауда отыр.
Уәли Сіләм Қытай билігі әйелін шекараны заңсыз кесті және Қазақстан азаматтығын алмады деп айыптап отырғандықтан, оны Қытайға экстрадициялауы мүмкін деп алаңдайды.
Естеріңізге сала кетейік, 22-мамыр күні Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданына қарасты Бәйдібек би ауылынан әскери куәлігі бар екі адам Сайрагүлді тұтқындап кеткен. Содан Сайрагүлді «Қорғасқа» апарыпты.
24-мамыр күні редакциямызға Сайрагүлдің қайын інісі Нұрболат Асан келіп, болған жайды баяндап берген. «Асан Нұрболат: Шекаралық полиция өкілдері «Қытай сұратып жатыр» деп жеңгемді алып кетті» атты мақала алғаш болып «Abai.kz»ақпараттық порталында жария болды. Бұл қазақ қоғамында қызу талқыланып, Сайрагүлдің үстінен қылмыстық іс қозғалды. Сайрагүл Қазақстанда қалдырылды.
25-мамыр күні белгілі заңгер Абзал Құспан Сайрагүлдің ісіне қатысты пікір білдіріп, оны өз қорғауына алатынын мәлімдеді. «Сайрагүл Сауытбайды Қытайға қайтару – елдігімізге сын!» атты Абзал мырзаның мақаласы жарияланды.
25-мамыр. Алматы қаласында орналасқан Халықаралық Адам құқықтарын қорғау ұйымының Қазақстандағы бюросының кеңсесінде баспасөз жиыны өтті. Оған Сайрагүлдің куйеуі Уәли Сылам мен балалары келіп қатысты. Болған жайды БАҚ өкілдеріне егжей-тегжейлі баяндап берді.
29-мамыр. 2018 жыл. Редакциямызға шекаралық полиция қызметкерлері тұтқындаған Сайрагүл Сауытбайдың адвокаты Абзал Құспан мырза хабарласты. Аталған іс бойынша кейбір бассыздық әрекеттер жайлы ашық айта келіп, мәлімдеме жасады. «Бұл елде "әй" дейтін әже, "қой" дейтін қожа - Бас прокуратура. Ол қайда қарап отыр?» атты мақала да сайтымызда жария болып, қызу талқыға түсті.
30-мамыр. Әбекең Алматыға келді. Сайрагүл мен оның тергеушісі Влад Антоновпен жолығып, іске кірісу үшін адвокат Абзал Құспан бастап, белгілі журналист Сәуле Әбілдаханқызы, «Атажұрт жастары» еріктілер бірлестігінің жетекшісі Серікжан Біләшұлы, «Abai.kz» ақпараттық порталының редакторы Нұргелді Әбдіғаниұлы бар, Панфилов ауданына, «Қорғас» шекара бекетіне жол тарттық.
Бұл кезде Сайрагүл Сауытбай Панфилов ауданының орталығы Жаркент қаласындағы уақытша тергеу изоляторында қамауда жатқан. Осыдан соң Сайрагүлді Талдықорған қаласындағы уақытша тергеу изоляторына ауыстырған.
19-маусым. 2018 жыл. Сайрагүлдің жайын тағы қаузамақ болып бір топ белсенді, Сайрагүлдің жолдасы Уәли Сіләм, ұлы Ұлағат, қызы Үкілай, қайнысы Нұрболат, қоғам белсенділері Сәуле Әбділдаханқызы, Cерікжан Біләш, Қыдырәлі Оразұлы және журналист Нұргелді Әбдіғаниұлы Талдықорғанға бардық. Осы жолы адвокат Абзал Құспан тергеуге қатысып шықты.
Осы ретте айта кетейік, күні бүгінге дейін Сайрагүл Сауытбай ісіне қатысты оннан аса мақала жазылды. Осы мақалалар арқылы біз «бір адамның тағдыры - ұлттың тағдыры» екенін бұқараға дәлелдедік деп ойлаймыз.
Ал Сайрагүлдің қазіргі жағдайына қатысты ақпарат әлі де анықталу үстінде. Дегенмен құзырлы орган өкілдері тарапынан Сайрагүлдің денсаулығына қатысты кейбір мәліметтер жасырын ұсталуы мүмкін деген күдігіміз де жоқ емес.
Сайрагүлдің ерлікке пара-пар «қылмысы» - дүйім жұрттың талқысында. Бір ғана Сайрагүлдің жайы - бүкіл Қытайдағы қазақтың тағдырын көз алдымызға келтіреді. Сондықтан да, біздің құзіретті органдар Сайрагүл Сауытбайға кешіріммен қарап, бостандыққа шығаруға тиіс. Сайрагүл секілді азаматтардың бәріне азаматтықты жылдам жасап, өз қазағымызға қорған бола алсақ, ұрпақ алдындағы міндетіміздің орындалғаны...

Бұл шығарлымға баға беріңіз
(9 Дауыс)
Ad Sidebar

Latest Tweets

@envato_help Dear ticket id: 1266898. No one answering the ticket. 2 days without a solution. Please, check.
Insurance Agency Joomla Business Template on #Themeforest https://t.co/GKqY99ixQX https://t.co/WgAaR3wDBc
GeoBin - Digital Marketing Agency, SEO WordPress Theme Updated on #Themeforest https://t.co/drKfnOA82e https://t.co/lR8UFr7zPp
Follow Themewinter on Twitter

Post Gallery

Оралман куəлік мəселесі оң шешім таппақ.

Қазақстан азаматтары АҚШ президентінен Қытайда қамалған Қазақтарға араша сұрады.

ДІН және ҰЛТ

ХАЛЫҚ ЖАНАШЫРЛАРЫ

Қазақстанда "хуачиау" болып жүргендер бар

Бүгін Алматы қаласында АТАЖҰРТ ЖАСТАРЫ ЕРІКТІЛЕРІНІҢ ұйымдастыруымен баспасөз маслихаты өтті.

АҚШ БИЛІГІ ШЫҢЖАҢДАҒЫ ҚАЙТА ТӘРИЕЛЕУ ЛАГЕРЬНЕ БАСА НАЗАР АУДАРДЫ

АҚШ пен Қытай сауда соғысы – ел басшылығы мен халқы арасына жік түсірді

Сайрагүл ісі: Қытай мен Қазақстанның арасын аша ма?

Яндекс.Метрика