Акауынтыңызға кіріңіз

Пайдаланушы аты *
Құпия сөз *
Мені есте сақта

Аккаунты жасау

Жұлдызшамен (*) белгіленген міндетті орындар толтырылу қажет.
Аты-жөні *
Пайдаланушы аты *
Құпия сөз *
Құпия сөзді қайталаңыз *
Email *
email поштаны қайталаңыз *
Captcha *
Reload Captcha

Қытайдағы қазақ мәселесін көтеріп жүрген Серікжан Бiләшұлына қастандық жасалды.

By Шілде 10, 2018 7513 0

"Ұр.кз"-ті "ұрам" деп ойлап отырсам, "стан.кз" сайты да менің кешегі жол апатына түсе жаздағанымыз туралы жазбамды біршама бұрмалап жіберіпті. "Станнан" Қазбек аға Исаның "қазақүні" сайты көшіріп басыпты...

Біріншіден, "қастандық болуы мүмкін" деген - ол біздің жорамалымыз ғана.

Екіншіден, егер бұл қастандық болса, онда тек маған жасалған қастандық емес. 

Ол көлікте 5 адам болдық. Қытай мәселесін менен жүз есе артық білетін, жүз есе көп көтеріп жүрген, соңынан мыңдаған қазақты ерте алатын Серікжан Біләшұлы деген білімді де білікті, батыл да батыр азамат бар. 

Ол көлікте мінез, болмыс тұрғысынан Серікжаннан бір мысқал кем емес, журналист ретінде Қытай мәселесін менен он есе артық айтып, артық жазып жүрген Нұргелді Әбдіғани деген құдай бере салған журналист бар. 

Ол көлікте "Атажұрт" ерікті жастар (волонтерлар) бірлестігінің белсенді азаматы, Қытай мәселесіне мен сияқты тек сөзбен емес, нақты іспен қолғабыс боп жүрген Ардақ деген жігіт бар. 

Ол көлікте Еркін деген өз басына іс түсіп, шөп жинағаны үшін "қылмысты" атанып, жауапқа тартылып жүрген бесіктен белі шықпаған бала бар. Тергеушілер 7 млн.теңге айыппұлмен ғана құтыласың деп отыр екен... Еркіннің мәселесін бөлек көтере жатармын...

Қысқасы, егер қастандық жасалған болса, жалғыз "Ақжүніске" қастандық жасалған жоқ. Осы бес адамға бірдей жасалды. Әсіресе, бұған дейін бірнеше рет "жайыңа жүрмесең, өлтіріп кетеміз" деп талай рет біреулер қорқытып қоңырау шалған Серікжан Біләшұлы "оларға" таудай кедергі боп тұр...

Сондықтан өте салмақты (серьезный) мәселені өсекке айналдырып, рейтингтің соңын қуып кетуге болмайды. Қайта серьезный мәселе ғып көтеріп, серьезно мән беріп, серьезный тақырып етіп, зерттеп жазсаңыздар, рейтингтеріңіз сонда жүз есе аспанға ұшар еді...

"Ұр.кз." және "стан.кз" өсекшілері! 

Өсек таратқанды қойып, адал жұмыс істіп, адал нан жесеңдерші. "Журналистпін" деп ұялмай айтатын дәрежеге жетсеңдерші. Сендер үшін ел-жұрт ұялып бітті. Өздерің неге ұялмайсыңдар осындай тірліктеріңнен? Әлде ұят өлген соң туғансыңдар ма?

(Сәуле Әбілдаханқызының фб парақшасынан)

Бұл шығарлымға баға беріңіз
(2 Дауыс)
Соңғы рет өзгертілген Сейсенбі, 10 Шілде 2018 21:31

Пікір қалдыру

Жұлдызшамен (*) көрсетілген барлық қажетті ақпаратты енгізгеніңізге көз жеткізіңіз. HTML-кодқа жол берілмейді.

Ad Sidebar

Latest Tweets

SeoBin | Marketing Agency HTML Template updated with 2 new home https://t.co/mxLG1wKFPc https://t.co/w4arzHoAVx
RT @dhh: MailChimp is an inspiration! $300M+/year in revenues, profitable, based in Atlanta, NO VC. Wonderful. 🐒❤️ https://t.co/qmj0MNAQOo
Barrister - Responsive Law Business @joomla Template setup guide! https://t.co/GwqHcdxyDi https://t.co/qzEEldYie3
Follow Themewinter on Twitter

Post Gallery

АҚШ БИЛІГІ ШЫҢЖАҢДАҒЫ ҚАЙТА ТӘРИЕЛЕУ ЛАГЕРЬНЕ БАСА НАЗАР АУДАРДЫ

АҚШ пен Қытай сауда соғысы – ел басшылығы мен халқы арасына жік түсірді

Сайрагүл ісі: Қытай мен Қазақстанның арасын аша ма?

Қытайда Дөрбөлжін ауданда бір отбасындағы 4 адамға жасаған зулымдық әрекеті.

«СИНГАПУР СИНДРОМЫ» –қазақ одан қалай қорғана алады?

МЕМЛЕКЕТІМІЗ БЕН ҰЛТЫМЫЗ СЫНАЛАР СОТ

ҚЫТАЙ КЕЛІМСЕКТЕРІ

Германия үкіметі Сайрагүл Сауытбайға араша түсті.

Бас мүфтиге ашық хат

Яндекс.Метрика