Акауынтыңызға кіріңіз

Пайдаланушы аты *
Құпия сөз *
Мені есте сақта

Аккаунты жасау

Жұлдызшамен (*) белгіленген міндетті орындар толтырылу қажет.
Аты-жөні *
Пайдаланушы аты *
Құпия сөз *
Құпия сөзді қайталаңыз *
Email *
email поштаны қайталаңыз *
Captcha *
Reload Captcha

Елбасынан Европа адам құқықтарын қорғау ұйымы Сайрагүл Сауытбайға араша сұрады.

Елбасынан Европа адам құқықтарын қорғау ұйымы Сайрагүл Сауытбайға араша сұрады.

Әлемнің бірнеше мемлекеттерінде бөлімшелері бар Германияның «Society for threatened peoples» (қауыпты жағдайдағы халықтарды қорғау) адам құқықтарын қорғау ұйымы Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа хат жолдап, Қытайдан заңсыз өтті деген айыппен қамауға алынған Сайрагүл Сауытбайды «Қытайға қайтармау» туралы өтініш жасап, араша сұрады.

Еске сала кетейік, 2018 жылдың 15 мамырында Брюссель қаласында Германиялық ұлтжанды азамат Өмірхан Алтын ағамыздың өтінішімен Қытайдағы қазақтардың себебсіз жаппай Концлагерьлерге қамалуына байланысты Европа парламентінің адам құқықтарын қорғау департаментінде үлкен жиналыс өткен болатын. Осы жиналыста Өмірхан Алтын ағаның Қытайдағы қазақтардың қудалануы туралы жинаған дәлелдері негізінде «Society for threatened peoples» ұйымының басшысы Ulrich Delius Қытай қазақтары мәселесін Европарламент жыйналысында айтты. Бұл туралы atajurt.kz сайты жариялаған болатын. http://atajurtjastar.com/kz/index.php/en/janalyh/item/192-europarlament

Европарламенттегі осы жиналыстан кейін, халқаралық адам құқықтарын қорғау ұйымдарының назары Қытай қазақтары мәселесіне ауды, содан бастап Қазақстанға Human Rights Watch халқаралық адам құқықтарын қорғау ұйымы, Associated Press, France press агенттігтері Қазақстанға келіп, Қытай қазақтары мәселесін көтеріп жүрген АТАЖҰРТ ЕРІКТІЛЕРІ белсенділерімен кездесіп, Қытайда жазықсыз Концлагерлерге қамалаған Қандастарымыздың туыстарынан сухбаттар алған болатын.
Ал «Society for threatened peoples» адам құқықтарын қорғау ұйымы да Қытайдағы қазақтардың мәселесін жіті назарға ұстап отырды, олар Қытайда саяси үйрену Концлагерлерінде амалсыз қызмет жасап, артынан өзіне қауып төнгенде «Қытай-Қазақстан ортақ сауда аймағы» арқылы Қазақстандағы отбасына оралған Сайрагүл Сауытбайдың мәселесін де жіті назарда ұстап отыр. Міне бүгін «Society for threatened peoples» халқаралық адам құқықтарын қорғау ұйымы Сайрагүл Сауытбайды "Қытайға қайтармау" туралы Қазақстан республикасының президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа хат жолдады.
Сайрагүл Сауытбай қазір Алматы облысы Талдықорған қаласының уақытша тергеу изоляторында "заңсыз шекара бұзды" деген айыппен қамауда отыр.

2018 жылы шілденің 9 күні Алматы облыстық Панфилов ауданында алғашқы сот отырысы болады, бұл сотта Сайрагүл Сауытбайды «Қытайға қайтару-қайтармау» мәселесі қаралды ал оны Қазақстанға белгілі адвокат Абзал Құспан мырза қорғайды.

Осы сот ісіне байланысты Қазақстанның әр жерінендегі халық атынан Елбасынан Сайрагүл Сауытбайға араша сұрап, оны Қытайға қайтармау туралы өтініш хаттар жазылып жатыр.
Барша халықтың жазған хаттарында Елбасынан сұраған бір ғана өтініші - Сайрагүл Сауытбайды Қытайға қайтармай, өз елінде, екі баласымен отағасының жанында болуына араша сұраған екен. Барша халық Елбасынан осы халықтың арман-тілегін тыңдайды деп сенеді.

Бұл шығарлымға баға беріңіз
(7 Дауыс)
Соңғы рет өзгертілген Friday, 06 July 2018 22:13

Ағымдағы жаңалықтар

Ad Sidebar

Latest Tweets

@envato_help Dear ticket id: 1266898. No one answering the ticket. 2 days without a solution. Please, check.
Insurance Agency Joomla Business Template on #Themeforest https://t.co/GKqY99ixQX https://t.co/WgAaR3wDBc
GeoBin - Digital Marketing Agency, SEO WordPress Theme Updated on #Themeforest https://t.co/drKfnOA82e https://t.co/lR8UFr7zPp
Follow Themewinter on Twitter

Post Gallery

Оралман куəлік мəселесі оң шешім таппақ.

Қазақстан азаматтары АҚШ президентінен Қытайда қамалған Қазақтарға араша сұрады.

ДІН және ҰЛТ

ХАЛЫҚ ЖАНАШЫРЛАРЫ

Қазақстанда "хуачиау" болып жүргендер бар

Бүгін Алматы қаласында АТАЖҰРТ ЖАСТАРЫ ЕРІКТІЛЕРІНІҢ ұйымдастыруымен баспасөз маслихаты өтті.

АҚШ БИЛІГІ ШЫҢЖАҢДАҒЫ ҚАЙТА ТӘРИЕЛЕУ ЛАГЕРЬНЕ БАСА НАЗАР АУДАРДЫ

АҚШ пен Қытай сауда соғысы – ел басшылығы мен халқы арасына жік түсірді

Сайрагүл ісі: Қытай мен Қазақстанның арасын аша ма?

Яндекс.Метрика