Акауынтыңызға кіріңіз

Пайдаланушы аты *
Құпия сөз *
Мені есте сақта

Аккаунты жасау

Жұлдызшамен (*) белгіленген міндетті орындар толтырылу қажет.
Аты-жөні *
Пайдаланушы аты *
Құпия сөз *
Құпия сөзді қайталаңыз *
Email *
email поштаны қайталаңыз *
Captcha *
Reload Captcha

Еркін Азаттан Қызыма Хат 

Құрметті қызым Айжан:

Сен бір күні үйіңе жүгіріп келгенде, мен жоқ болармын, «Әкем қайда?» деп іздерсің, бәлкім ол кезде мен Қытай-Қазақстан достығына іріткі салушы ретінде азапталып тергелудемін, бәлкім ол кезде мен жасырын түрде Қытайға жіберіліуім мүмкін, Бәлкім менің Қытайдағы туыстарымды қинау арқылы, «өз еркіммен» Қытайға кетуім мүмкін, Бәлкім, ... ... , Бірақ бұлар маңызды емес, мен ол кезде азаптауға ұшыраймын, соққы жеймін, төкке соғыламын, суға тұншықтырыламын, жоқ жаланы мойындауға мәжбүр боламын, бұлда маңызды емес, Бәлкім сен мені жек көретін шығарсың ол кезде, Қазақстан азаматы бола тұра тыныш жүрмей Қытаймен жағаласып несі бар еді деп, йә, мен ақымақ болармын, бірақ мені ұлтқа деген махаббат жібермеді, Қытай жаққа қарамай теріс қараймын, бірақ құлағыма олардың шыңғырған дауыстары естіледі, құлағымды жауып аламын, бірақ олардың азапталғаны көз алдыма келеді, көзімді тарыс жұмып аламын, бірақ олардың көз жастары жүрегімді тесіп жіберді.

Мен үнсіз отыруға Еркектік намысым жібермеді. Бәлкім Мен сен үшін жауапкерсіз әкемін, Осыдан кейін сен әкесіз өсетін шығарсың, бірақ елдер мен түралы не деседе, бір нәрсені білуіңді үміт етемін, әкеңнің ары таза, ешкімге жамандық істемеді, ешкімнің ала жібін аттамаған, ешкімді ғайбаттап жамандап көрмеген, ешкімге жамандық ойламаған, ешкімнің өсегін тасымаған, Алланың алдында да арым таза деп ойлаймын.

Мені мақтан тұт деп тұрған жоқпын, бірақ мен сенімен мақтанамын, сен менің гүлімсің, рухымсың, мен тек сен есейгенде Қазақстанға қалың Қытай қаптап: «Мында тегін Қыздар беріп жатыр, келіп сатып алайық» деген күнге қалмаса екен дегім келеді. Иә, Әкеңнің қолынан не келеді, ештеңеде келмейді, Қытайлар бір тоспаның ағыны секілді тоқтамай қаптай береді, Мен бір жәй халықтың бірімін, айлығым 70~90 мың теңге, оныда дұрыс берілмейді, таксилық немесе қосымша кәсіп істеп және шешең екеуіміз бірге істеп жүріп осы үйді асырап жүрміз, йә, үй жалға алып отырмыз, ертең бізді қожайын қуып шықса да жүреміз үй іздеп сандалып, Менің де мәселем жетеді, шешеңнің де кредиті бар, оның да мәселесі бір төбе. Нағында мен мұндай саясатқа араласпауым керек еді, Бұл бізбен тіке қатысы жоқ саясат біздің қалтылдап отырған өмірімізді күл-талқанын шығаратына көзім әбден жетіп отыр. Йә, мен өзімшіл әкемін, сендердің өмірлеріңмен Қытайдағы Қазақтардың өмірін бәс тігіп отырмын. Мен үнсіз 40 жыл жүрдім, 85 тегі күнестегі көршіміз Қадиша апамыз Біз көрмеген зобалаңды көрсе де үнсіз келді, олар аштық кезінде туылды, сонау қырғын соғысты көрді, мәдениет зор төңкерісін көрді, саяси құғын-сүргін көрді, енді тынышталды-ау дегенде, қазір сол күнесте жер сыпыртықызып қойыпты, «жақсы сыпырмасаң үйренуге жібереміз» деп қорқытады екен, йә, 85 тегі Қадиша апаң, үнемі қалтасына қант-кәмпит салып жүретін апаң, біз төсектен орынан сүйеп тұрғызып, дәрет алғанша қасында сүйеп жүретін апамызды қазір еңкеңдетіп жер сыпыртқызады екен. Күйеулерін, Еркек кіндіктілерді түгелімен лагерге тығып, тірідей сойып, Ағзаларын ішкі Қытайға тасымалдап, балалрын ішкі қытай жетімдер жатағына жіберіп, үйлеріне жатып алып, Қыздарыңды бермесең өздеріңді қамаймыз деп қорқытып, әйелдерді зорлап жатқанды көргенде, Бұдан асқан қорлық барма деп ойламын? Бұндай қорлықты Әр қандай жауыз империя істемеген шығар, олар қанша жауыз болса да, мұндай әрекетке еркектік намыстары жібермейтін шығар.

Мен білмей кеттім, 21 ғасырда мұндай жауыздық болады деп ойламаппын, тіпті бұны кішкене бір ел емес, ұзақ тарихымыз бар, мәдениетіміз бар, заңымыз бар дейтін алпауыт, экономикасы дамыған, БҰҰ тұрақты алқа мүшесі Қытай елі осылай істейді деп ойламаппын, Бұл жауыздық тоқтар деп ойладық, уақытша бір анти-террорист әрекет шығар деп ойладық, шекараны ашатын шығар деп ойладық, Қытай енді қоятын шығар деп ойладық, бірақ, жоқ! Олай емес болып шықты, олар бұдан да үдеп келеді, енді қамайтын кәрілерді қамап болған соң, қамайтын адам қалмағанда Қазақ, Ұйғыр коммунист кадрлердің өзіне сендер де кіресіңдер деп кіргізіп жатыр, бұл жағдайды мен тек еврейлердің қырғынында оқығам, еврейдің сатқындары барлық еврейді немістерге сатып, ұстап беріп, ең соңында ұстайтын, қамайтын еврей қалмағанда, сол сатқын еврейлердің өздерін де ұстап лагерге қамаған, сол сатқын еврейлер өздері ұстап берген еврейлермен бірге өлітірілген. Естеріңізде болса 1933 жылы лагерь салып бастаған, 1945 емес, ол кезде дүние жүзі үнсіз болатын, егер де біз де осы кезде үнсідік жарияласақ, полшаның күнін кешеміз.

Иә, Қызым Айжан, Егер Қытайлар Сенің атыңдағы «Айды» алып таста, діндік сипат алады екен десе, сонда «жан» ғана қалатын сияқты, сол сияқты Қытайдағы Қазақтар мен Ұйғырлардың тек «Жандары» ғана қалды, олардың тілдері, діндері, ділдері, мәдениеттері, сенімдері, ар-ұждандары құртылды. Олар әрбір күнді үреймен атырады. Мен бәлкім қастандыққа ұшырап немесе әдейі жасалған көлік шырғалаңынан қайтыс болармын. Бірақ менің міндетімді жалғастыра беруіңді тілеймін, Ол Кісілік құқық жолында Бейбітшілік жолмен (әсте террорлықты қолдамаймын) Ар-намысты ешкімге таптатпау. Аман бол қызым, әкең ауыр жол талдап алды өзіне, Сүйдім маңдайыңнан!

FACEBOOK

Еркін Азат. 05.Маусым.2018

Бұл шығарлымға баға беріңіз
(4 Дауыс)
Соңғы рет өзгертілген Tuesday, 05 June 2018 15:28
Ad Sidebar

Latest Tweets

@envato_help Dear ticket id: 1266898. No one answering the ticket. 2 days without a solution. Please, check.
Insurance Agency Joomla Business Template on #Themeforest https://t.co/GKqY99ixQX https://t.co/WgAaR3wDBc
GeoBin - Digital Marketing Agency, SEO WordPress Theme Updated on #Themeforest https://t.co/drKfnOA82e https://t.co/lR8UFr7zPp
Follow Themewinter on Twitter

Post Gallery

Оралман куəлік мəселесі оң шешім таппақ.

Қазақстан азаматтары АҚШ президентінен Қытайда қамалған Қазақтарға араша сұрады.

ДІН және ҰЛТ

ХАЛЫҚ ЖАНАШЫРЛАРЫ

Қазақстанда "хуачиау" болып жүргендер бар

Бүгін Алматы қаласында АТАЖҰРТ ЖАСТАРЫ ЕРІКТІЛЕРІНІҢ ұйымдастыруымен баспасөз маслихаты өтті.

АҚШ БИЛІГІ ШЫҢЖАҢДАҒЫ ҚАЙТА ТӘРИЕЛЕУ ЛАГЕРЬНЕ БАСА НАЗАР АУДАРДЫ

АҚШ пен Қытай сауда соғысы – ел басшылығы мен халқы арасына жік түсірді

Сайрагүл ісі: Қытай мен Қазақстанның арасын аша ма?

Яндекс.Метрика