Акауынтыңызға кіріңіз

Пайдаланушы аты *
Құпия сөз *
Мені есте сақта

Аккаунты жасау

Жұлдызшамен (*) белгіленген міндетті орындар толтырылу қажет.
Аты-жөні *
Пайдаланушы аты *
Құпия сөз *
Құпия сөзді қайталаңыз *
Email *
email поштаны қайталаңыз *
Captcha *
Reload Captcha

Европа төрінде Қытай түрмесінде белгісіз жағдайда қайтыс болған Қазақтарға арнап құран оқылып, Ас берілді

By Мамыр 28, 2018 5765 0

Европа төрінде Қытай түрмесінде белгісіз жағдайда қайтыс болған Қазақтарға арнап құран оқылып, Ас берілді.

26 мамыр күні Германияның Мюнхен қаласында ұлт жанашыры Өмірхан Алтынның ұйымдастыруымен Қытай КОНЦЛАГЕРІНДЕ азапталып, белгісіз жағдайда өлім құшқан Қандастарымызға арнап құранхатым түсіріліп, ас берілді.
2017 жылдан бері Қытай үкіметі ондағы қазақтарды жаппай КОНЦЛАГЕРЛЕРГЕ қамап, алды сол лагерлерде азапталып өлгені туралы ел және әлем ақпараттары хабарлап келеді, соған байланысты осыған дейін мархумдарға арнап Түркияның Стамбул қаласында ұлтжанды азамат Бабуссаламның ұйымдастыруымен ҒАЙБ жаназа оқылып, ас берген болатын. Ал Алматы қаласында да бірнеше рет Атажұрт ерікті ұлтжанды азаматтардың ұйымдастыруы мен мархумдарға арнап құранхатым түсіріліп, ас берілген еді, енді міне қасиетті рамазан айында Европа төрінде Қытай КОНЦЛАГЕРІНДЕ қайтыс болған қандастарымызға арнап құранхатым оқылып, ауыз ашар беріліпті, бұл туралы Өмірхан Алтын ағамыз хабарлады.

Барша қауымның қасиетті рамазан айы - береке мен бірліктің, ізгілік пен мейірімділіктің және қайырымдылықтың айы болып саналады. Осыған орай жыл сайын Германияның Мюнхен қаласындағы Қазақтар Рамазан айында бірнеше рет бас қосып, ертеде дін үшін, ел үшін, жер үшін соғысып, жандарын пида еткен батырларымызбен күллі шаһиттерімізге, бұл өмірден өткен туғандарға арнап құранхатым түсіріп, бас қосуға келген әрбір мемлекеттің мұсылмандарына ауыз ашар ас береді.
Бұл жолы мамырдың 26 күні Мюнхен қаласындағы бір Мешітте бас қосқан қазақ отбасылары ақылдаса келіп, осы реткі оқылатын құранхатымды Қытай үкіметінің қысымы мен қудалауынан Концлагерлерде, түрмелерде азапталып шаһит болған имамдарымыз бен қарапайым Қандастарымызға арнады.

Мюнхен мешітінің имамы және сөзге шыққандар дәл осы қасиетті рамазан айында Қытайдағы қазақтардың басынан кешіп жатқан түрлі қысым-қудалаулары, азапты өмірлері, Қытай зорлықтары туралы келген қонақтарға айтып берді. Осы сұмдықты естіген қонақтар адам сенгісіз мұндай жауыздықты, адамгершілікке жат қанішерлікті бүгінге дейін естіп көрмегендерін айтып, таңқалғандарын айтты.
Кешкі намаз оқылғаннан кейін әрбір мемлекеттен келген мұсылмандарға ауыз ашар беріліді. Ауыз ашар соңында Германия қазақтары қолдарынан келгенше осы жолғы пітір садақаларын Қытай зұлымдығынан зардап шеккен Қазақстандағы қандастарына көмек үшін беретінін айтып, жауапты адамдарға жинап берді.

P.S. Қытайдағы қазақтардың қыйын тағдырына алаңдап, оларды осы зұлматтан құтқару жолында алыс Европа төрінде жасап жатқан қазақтар белсенді жұмыс жасап келеді, оған дәлел өткен жылғы дүние жүзі қазақтарының 5 құрылтайында Германиядан келген Өмірхан Алтын ағамыз Қытайдағы қазақ мәселесін бірінші болып Елбасына жеткізді.

Содан кейінде Қытай қазақтары мәселесін Германия парламентінде көтерді, 15 мамырда Брюссель де Европа парламентінің адам құқықтарын қорғау комитетінде осы Өмірхан Алтын ағамыздың өтінішімен Қытайдағы қазақтардың құқықтарының заңсыз тапталуы туралы үлкен жыйын өткен еді, енді міне Германия төрінде қасиетті рамазан айында жазықсыз азапталып, белгісіз өлім құшқан Қытай қазақтарына арнап құран оқып, ас берілді.
Ал іргеде тұрып, көзбен көріп, құлақпен естіп отырған Қазақстан азаматтары, зиялы қауым өкілдері, депутаттар неге үнсіз???

Бұл шығарлымға баға беріңіз
(3 Дауыс)
Соңғы рет өзгертілген Дүйсенбі, 28 Мамыр 2018 13:00

Пікір қалдыру

Жұлдызшамен (*) көрсетілген барлық қажетті ақпаратты енгізгеніңізге көз жеткізіңіз. HTML-кодқа жол берілмейді.

Ағымдағы жаңалықтар

Ad Sidebar

Latest Tweets

SeoBin | Marketing Agency HTML Template updated with 2 new home https://t.co/mxLG1wKFPc https://t.co/w4arzHoAVx
RT @dhh: MailChimp is an inspiration! $300M+/year in revenues, profitable, based in Atlanta, NO VC. Wonderful. 🐒❤️ https://t.co/qmj0MNAQOo
Barrister - Responsive Law Business @joomla Template setup guide! https://t.co/GwqHcdxyDi https://t.co/qzEEldYie3
Follow Themewinter on Twitter

Post Gallery

АҚШ БИЛІГІ ШЫҢЖАҢДАҒЫ ҚАЙТА ТӘРИЕЛЕУ ЛАГЕРЬНЕ БАСА НАЗАР АУДАРДЫ

АҚШ пен Қытай сауда соғысы – ел басшылығы мен халқы арасына жік түсірді

Сайрагүл ісі: Қытай мен Қазақстанның арасын аша ма?

Қытайда Дөрбөлжін ауданда бір отбасындағы 4 адамға жасаған зулымдық әрекеті.

«СИНГАПУР СИНДРОМЫ» –қазақ одан қалай қорғана алады?

МЕМЛЕКЕТІМІЗ БЕН ҰЛТЫМЫЗ СЫНАЛАР СОТ

ҚЫТАЙ КЕЛІМСЕКТЕРІ

Германия үкіметі Сайрагүл Сауытбайға араша түсті.

Бас мүфтиге ашық хат

Яндекс.Метрика