Акауынтыңызға кіріңіз

Пайдаланушы аты *
Құпия сөз *
Мені есте сақта

Аккаунты жасау

Жұлдызшамен (*) белгіленген міндетті орындар толтырылу қажет.
Аты-жөні *
Пайдаланушы аты *
Құпия сөз *
Құпия сөзді қайталаңыз *
Email *
email поштаны қайталаңыз *
Captcha *
Reload Captcha

Сайрагүл Сауытбайды Қытайға қайтару – елдігімізге сын!

By Мамыр 27, 2018 1455 0

МЕН СЕНДЕРМЕН БІРГЕМІН,! ЖІГІТТЕР!!!

Солтүстік Корея халқының Оңтүстік Корея Республикасына қашып барып, "Семіз баланың" режімінен көрген қорлығын айтып, зар еңірегенде сай сүйгіңді сырқыратушы еді.
Енді сол күн біздің Қытайдағы қандастарымыздың басына туды.
Кешегі Қытай-Қазақстан шегарасынан заңсыз өтті деген айыппен қамаққа алынған Сайрагүл Сауытбай оқиғасы соның дәлелі.
Арқа жайлы болса, арқар ауып несі бар?!
Егер, "Сәуір айында Қытайдың шекара қызметіндегі жемқор шенеуніктердің көмегімен "Қорғас" ШЫХО-ға кіретін жалған рұқсатнама жасап алып, шекараны заңсыз кесіп өткен» - деген сөз шын болса, əрине, Сайрагүл Сауытбай заң аясында жауапкершілікке тартылады.
Бірақ, ол жаза келген еліне қайтарып беру болмауы керек! Бұл жерде екі жылдан бері Қытайда жүргізіліп жатқан адам төзгісіз саяси жағдай мен Сайрагүлдің отбасы мүшелерінің Қазақстан Республикасының азаматты екеніне əлемдік қауымдастықтың назарын аударуға тура келеді. Оған Абзал Құспан бауырымыздың білігі жетеді деп сенем.
Шыны керек, мұндай жағдай өте ауыр тиеді екен кісіге. Не айтарымды білмей, екі күн бойы сергелдең күй кештім. Жұрт анау-мынау дейді, суға салсаң батпайтын, отқа жақсаң күймейтін баяғы Серікжан Біләш ("Жарқын-7") пен Қыдырəлі Оразəлі бауырым, Қайрат Байтолла ағам күндіз-түні жан ұшырап, жарты əлемге жаря етіп жатыр. Баяғы "Абай.кз" аяғынан тік тұрып, азаматтық танытып жатыр. Баяғы..., баяғы... Алғыстан басқа айтарым жоқф сендерге, жігіттер!!! Мен де сендермен біргемін бұл мəселеде!!!
Біз не істуіміз керек?!
Ел болып, жұрт болып, мемлекеттік емес ұйымдарды, БАҚ-ты жұмылдырып, осы ізбен осы мәселенің оң шешілуіне ықпал етуіміз керек!
"Əттең, Сайрагүл ертерек сауатты қимылдап, БАҚ арқылы өзін мәлімдеп, Қазақстан Республикасы Билігінен, Еліміздегі АҚШ Елшілігінен босқын ретінде саяси баспана сұрағанда қалай болар еді?!" деген ойға да қаласың.
Өткен іс -- өтті. Істің беті ашылды. Енді мұндай оқиға туындаған жағдайда, Қазақстан Республикасы Заңының кемелді болуын қадағалап, керек болса тиісті өзгертулер мен толықтырулар енгізуге тура келеді.
Сайрагүл Сауытбай оқиғасы мемлекетімізді сынға салайын деп тұр!
Мен Сайрагүл Сауытбайдың Қазақстан Республикасының аумағында қалуына біздің құқық қорғау органдары күш салады деп сенем!

Ауыт Мұқибек

27.05.2018
Астана

Ауыт Мұқибектің Фейсбооктегі парақшасынан

Бұл шығарлымға баға беріңіз
(3 Дауыс)
Соңғы рет өзгертілген Жексенбі, 27 Мамыр 2018 04:21

Пікір қалдыру

Жұлдызшамен (*) көрсетілген барлық қажетті ақпаратты енгізгеніңізге көз жеткізіңіз. HTML-кодқа жол берілмейді.

Ad Sidebar

Latest Tweets

SeoBin | Marketing Agency HTML Template updated with 2 new home https://t.co/mxLG1wKFPc https://t.co/w4arzHoAVx
RT @dhh: MailChimp is an inspiration! $300M+/year in revenues, profitable, based in Atlanta, NO VC. Wonderful. 🐒❤️ https://t.co/qmj0MNAQOo
Barrister - Responsive Law Business @joomla Template setup guide! https://t.co/GwqHcdxyDi https://t.co/qzEEldYie3
Follow Themewinter on Twitter

Post Gallery

АҚШ БИЛІГІ ШЫҢЖАҢДАҒЫ ҚАЙТА ТӘРИЕЛЕУ ЛАГЕРЬНЕ БАСА НАЗАР АУДАРДЫ

АҚШ пен Қытай сауда соғысы – ел басшылығы мен халқы арасына жік түсірді

Сайрагүл ісі: Қытай мен Қазақстанның арасын аша ма?

Қытайда Дөрбөлжін ауданда бір отбасындағы 4 адамға жасаған зулымдық әрекеті.

«СИНГАПУР СИНДРОМЫ» –қазақ одан қалай қорғана алады?

МЕМЛЕКЕТІМІЗ БЕН ҰЛТЫМЫЗ СЫНАЛАР СОТ

ҚЫТАЙ КЕЛІМСЕКТЕРІ

Германия үкіметі Сайрагүл Сауытбайға араша түсті.

Бас мүфтиге ашық хат

Яндекс.Метрика