Акауынтыңызға кіріңіз

Пайдаланушы аты *
Құпия сөз *
Мені есте сақта

Аккаунты жасау

Жұлдызшамен (*) белгіленген міндетті орындар толтырылу қажет.
Аты-жөні *
Пайдаланушы аты *
Құпия сөз *
Құпия сөзді қайталаңыз *
Email *
email поштаны қайталаңыз *
Captcha *
Reload Captcha

Қазақ шекарашылары және бір қандасымызды Қытайға қайтармақ.

By Мамыр 24, 2018 2758 0

 

Бүгін редакциямызға Асан Нұрболат атты азамат хабарласып, жеңгесін шекаралық полиция қызметкерлері алып кеткенін хабарлады. Асан бүгін редакциямызға іздеп келді. Біз Асанның сөзіне құлақ түрдік. Болған жайды өзі баяндап берді, бізге.

Асан Нұрболат, ҚР Азаматы:

-Мен Асан Нұрболат, Қазақстан Республикасының азаматымын. Алматы облысы, Талғар ауданы, Кеңдала ауылы, Дачная көшесі, 63-үйде тұрамын.

Сіздерге хабарласқан себебім, әкемнің ағасының баласы, менің ағамның келіншегі, яғни жеңгемді шекарашылар үйден алып кетті.

Ағамның аты - Уәли Сләм. Еңбекшіқазақ ауданы, Бәйдібек би ауылы, Виноградный көшесінде тұрады. Өзі Қазақстан Республикасының азаматы. Азаматтық алғанына 2 жыл болған. Бір қыз, бір ұлы бар. Олар да Қазақстан азаматы. Қызы 6-сыныпта оқиды, ұлы 1-сыныпта оқиды.

22-мамыр күні белгісіз екі адам Бәйдібек би ауылындағы ағамның үйіне келіп, куәлігін көрсетіп, аға-жеңгеммен сөйлесіпті.

Олардың әскери полиция деген куәлігі бар екен. Біреуінің әскери шені - майор көрінеді. Онда да біреуі ғана көрсеткен. Біреуінің аты Бауыржан екен. Мен сол мезетте ол жерде болған жоқпын. Ағамның айтуы бойынша ғана білемін.

Сол екеуі жеңгем Сайрагүлді Қорғасқа алып кеткен. Содан біз кеше туысқандар жиналып, артынан бардық. Сөйтсек, бізден де сұрады, жағдайдың барлығын. «Бұл кісі заңсыз кепті. Соны білесіңдер ме» деп сұрады. Біз білмейтінімізді айттық. Содан, Қытай жағы арнайы сұрау салыпты, дейді. «Ол кісі Қытайда ұйымның адамы екен» дейді.

Не ұйым екенін нақтылап айтқан жоқ. Әйтеуір, Қытай жағы сұратып жатыр екен.

Ол кісі Қытайда мектепте мұғалім, сосын директор болған. Міне, Қазақстанға келгеніне 1 айдан аз ғана асты. Жеңгем Қытайдың азаматы. Отасқандарына 15 жылдай болды-ау.  Ағам бала-шағасымен бері өткенде, жеңгем Қытайда қалып қалған. Паспортын алып алған.

Жеңгем бастауыш мектепте директор болған. Сосын анау Қытайдың саяси оқыту лагерлерінің үстінен қарайтын адам болған ба, ол жағы маған жіті түсінікті емес. Әйтеуір, Қытайда қызметте болған. Компартияның мүшесі.

Жеңгемді әлі Қытайға шығарған жоқ. Ол қазір Қорғаста жатыр. Бірақ, Қытай тарапынан сұрау салуына байланысты, шығарып жіберетін түрі бар.  Бізге кеше айтуына қарағанда, адвокат табыңдар деп жатыр. Біз енді не істесек болады?

PS. Abai.kz ақпараттық порталы еркін ақпарат алаңы. Мұнда ой жарыстырып, пікір алмасуға әрбір оқырман құқылы. Соңғы кездері Қытайдағы ішкі саяси сүргіннің салқыны Қазақстан азаматтығын алған отбасыларға да тиіп жатқанын жазып жүрміз. Әсіресе, бір отбасы мүшелерінің екіге айырылуы практикамызда жиі кездесіп жүр. Оның басты себебі - отбасының кей мүшелері Қазақстан азаматтығын алмаған немесе алып үлгермеген. Бүгін редакциямызға іздеп келген Асанның ағасының да басына түскен жағдай осы ауанда.

Асанның жалғыз сұрайтыны - жеңгесін Қытайға жібермей, елде алып қалу. «Жеңгемді қылмыскер деу ақылға сыйымсыз. Мақұл, заңсыз өтті делік, сонда шекарадан өтерде шекарашылар не қарап отырған? Жеңгем, Қытайда компартияның мүшесі болғандықтан, Қытай сұрау салыпты. Сонда біздің шекаралық полиция Қытай сұраған қазақтың барлығын ұстап бере бере ме?», - дейді Асан Нұрболат.

Abai.kz

Бұл шығарлымға баға беріңіз
(1 Дауыс)
Соңғы рет өзгертілген Жексенбі, 27 Мамыр 2018 05:35

Пікір қалдыру

Жұлдызшамен (*) көрсетілген барлық қажетті ақпаратты енгізгеніңізге көз жеткізіңіз. HTML-кодқа жол берілмейді.

Ad Sidebar

Latest Tweets

SeoBin | Marketing Agency HTML Template updated with 2 new home https://t.co/mxLG1wKFPc https://t.co/w4arzHoAVx
RT @dhh: MailChimp is an inspiration! $300M+/year in revenues, profitable, based in Atlanta, NO VC. Wonderful. 🐒❤️ https://t.co/qmj0MNAQOo
Barrister - Responsive Law Business @joomla Template setup guide! https://t.co/GwqHcdxyDi https://t.co/qzEEldYie3
Follow Themewinter on Twitter

Post Gallery

АҚШ БИЛІГІ ШЫҢЖАҢДАҒЫ ҚАЙТА ТӘРИЕЛЕУ ЛАГЕРЬНЕ БАСА НАЗАР АУДАРДЫ

АҚШ пен Қытай сауда соғысы – ел басшылығы мен халқы арасына жік түсірді

Сайрагүл ісі: Қытай мен Қазақстанның арасын аша ма?

Қытайда Дөрбөлжін ауданда бір отбасындағы 4 адамға жасаған зулымдық әрекеті.

«СИНГАПУР СИНДРОМЫ» –қазақ одан қалай қорғана алады?

МЕМЛЕКЕТІМІЗ БЕН ҰЛТЫМЫЗ СЫНАЛАР СОТ

ҚЫТАЙ КЕЛІМСЕКТЕРІ

Германия үкіметі Сайрагүл Сауытбайға араша түсті.

Бас мүфтиге ашық хат

Яндекс.Метрика