Акауынтыңызға кіріңіз

Пайдаланушы аты *
Құпия сөз *
Мені есте сақта

Аккаунты жасау

Жұлдызшамен (*) белгіленген міндетті орындар толтырылу қажет.
Аты-жөні *
Пайдаланушы аты *
Құпия сөз *
Құпия сөзді қайталаңыз *
Email *
email поштаны қайталаңыз *
Captcha *
Reload Captcha

ҚЫТАЙ ҰКІМЕТІНІҢ ОНДАҒЫ ҚАЗАҚТАРДЫҢ ТІЛІН БАЙЛАУ САЯСАТЫ

 

  • Қытайдағы Қазақтарды шетелдегі әсіресе Қазақстан, Түркиядағы туысқандарымен араластырмау, телефон немесе әлеуметтік желі арқылы сөйлестірмеу.

 

Туған жері Қытай елі болғанымен, бірақ Қазақстан азаматтары Қытайға туыстап барып қаншамасы қайтып келе алмай бір отбасы екіге бөлініп қалды.  Қазір Қытайдан келген екі Қазақтың бірі Қытайдағы туған, туысқан, ағайын, достармен хабарласып тұрудан қалдық дейді. Қазақстандағы етжақын туған-туысқандары хабарласуға мәжбүр болған кездерде де екі ауыз аман-сәлемнен кейін олар (Қытайдағы туған-туысқандары) көп сөйлеспеуді, «бізде бәрі жақсы» деп енді хабарласпауды талап етіп телефон тұтқасын қоюға асығатын көрінеді. Жергілікті биліктің сан түрлі шектеу, тиымдары мен қымсетсе саяяи үйренуге кіргізетін, қымсетсе түрмеге тоғытатын саяси қысымы оларды солай ауыз ашпауға мәжбүрлеуде.

«Қазақстанда тұрып вэйсин (Weixin, WeChat) арқылы Қытайдағы туған-туысқандарға сөйлемейтін болдық, сөйлесек болды туған-туысқандарымызды (Қытайдағы) ұстап кетеді. Сондықтан, Қытайдың вэйсинін қолданбайтын болдық. Ресей қатарлы бірқанша мемлекеттер де вэйсиннен бас тартуда.» 2017-12-25  www.rfa.org

Біреулер Қытай неге сонша қорқады, неден қорқады дейді. Меніңше Қытай ештеңеден де қорқып отырған жоқ. Шыңжаң жергілікті билігі ондағы Қазақтарға жасап жатқан қысымы, заңсыздықтары, қылмысы жайлы ақпарат сыртқа шығып кетпесін деп алаңдайды. Қол жеңнің ішінде сындырығанмен сырт көзге сол жеңнің ішінде сынған қолдың бар екені кім байқайды? Сырт елге сыр білдіртпесе оның Қытай билігі үшін пайдалы екенін қысық көздер жақсы біледі.

 

  • Қытайда өз елінің халқы кең көлемде қолданатын weixin әлеуметтік желісі бар. Шыңжаң жергілікті билігі ондағы Қазақтарға сол әлеуметтік желілерде топ құрғызбау, құрған топтарды өшіру жөнінде ауызша бұйрық түсіріпті.

 

Қытайда мейлі интернет болсын, мейлі телефонмен өзара сөйлесу болсын барлығы қатаң бақылауда. Сондықтан, ол жақтағы Қазақтар билікке қарсы, коммунистік партияның жүргізіп жатқан саясатына наразы ештеңе айта алмайды. Солай бола тұра жергілікті билік неден қорқады? Әлеуметтік желілердегі топтарда әркім өзінің басында болған жағдайларды, көзбен көргендерін, суретке түсіріп, камераға жазып алғандарын топ ішінде бөлісуі мүмкін. Яғни, «Weixin/Wechat» дегі Қазақтар құрған топ сақталса, жойылмаса кім өлді, кім тірі, кімнің әкесі сотталды немесе кімнің ағасы саяси үйренуге кіріп кетті т.б. осы тектес нақтылы ақпараттар топ мүшелеріне белгілі болып отырады. Екінші бір сөзбен айтқанда сенің басыңда болып жатқан жағдайды мен біліп отырамын, менің басымдағы болған жағдайларды сен біліп отырасың дегендей. Осы жағдай жергілікті билікке ұнамағандықтан топтарды өшіртіп жатыр. Әлеуметтік желідегі топты өшірту, жаптыру арқылы адамдар (Қазақтар) бір-бірінен хабарсыз қалады. Сендегі орын алған жағдайды мен біле алмаймын, мендегі болған жағдайды сен біле алмайсың. Сырттай қарағанда 3 миллионға жуық көп Қазақ жүргенімен бірақ, өзара ақпарат алмасатын орта бұғатталғандықтан, олардың әрқайсысы ЖАЛҒЫЗ, АҚЫЛ ҚОСАР, АРҚА СҮЙЕР ХАЛҚЫ ЖОҚ. Бәрі тірі жүр, тілі бар болғанымен көзге көрінбейтін «скочпен» байланған, сырттай тып-тыныш, ішкі жан дүниесі үрей, қорқынышқа толы.

 

  • Түрмеде «өлген» жақын адамы жайлы болған қайғылы оқиғалар мен келеңсіздік туралы сыртқа, өзгелерге айтуға, арыздануға тиым салуда.

 

«ШҰАР, Баркөл автономиялы ауданында бір қазақ жігітін жергілікті полициялар тұтқындап, 2017 жылы 1 қырүйек күні қоғам қауіпсіздік бөлімшесінде қайтыс болған. Сол аудандағы жергілікті бір Қазақ кісінің мәлімдеуінше өлген Өмірзақ Мақан полиция бөлімшесіне тұтқындалған екі інісінің жағдайын білуге барғанда полициялардан таяқ жеп өлген. Мәйітін ағасы Өмірзаққа қайтарып берген кезде полициялар әдейі ұрып өлтірмегенін айтқан. Полициялар тағы да марқұмның туған-туысқандары мен ауылдастарына болған іс жайлы сыртқа еш ақпарат таратуға болмайтынын ескерткен.» 2017-09-08, www.rfa.org

«Сенімді адамдардың мәлімдеуі бойынша Үрімжі қаласындағы кәсіпкер Әділбек Қасымбай тұтқындалғаннан 7 айдан соң  аяқ астынан қайтыс болған. Желтоқсанның 24 күні үш қытай полициясы Әділбектің мәйітін әйеліне әкеп беріп бүгіннен қалдырмай тез жерлеуін талап еткен. Әділбектің әйелі күйеуінің өлі денесінде көгерген жарақат іздерінің көп екендігін, бет-әлпеті танылмайтын болып өзгеріп кеткенін көреді. Полициялар егер мәйітті тексертем немесе жоғарыға арызданамын десең отбасы мүшелерің түгелдей түрмеге тоғытылады деп Әділбектің әйеліне қатаң ескертеді.  Сол күні марқұм Әділбекті жерлеуге ең жанашыр жақынынан 17 адам ғана қатысыпты.» 2017-12-25  www.rfa.org

Тірі жүру әр бір адам үшін ең маңызды, ең бірінші орында тұратын құндылық екенін бәріміз де жақсы түсінеміз. Халық түрме мен саяси үйрену орталығында «өз-өзіне қол салып өлген», таяқ жеп өлген әр бір адам жайлы суық хабарды естіп отырса, бұл «біз сендерді бір-бірден өлтіріп жатырмыз» деген хабарды ашық айтқанмен бірдей қорқынышты әсер қалдырмайма. Онда халық түрменің - қылмыскерді жазалау, түзету емес, саяси үйренудің – патриодтық тәрбие емес, мүлде басқаша мақсатта сұрқия саясат жүріп жатқанын халық түсіне қояды. Сондықтан, суық хабарлардың тарамауын неше түрлі әдіс қолданып қадағалауда. Ал жергілікті биліктің ресми ақпарат құралдары ондағы халықтың (Қазақтардың да) өмірін ұжымаққа айналдыру үшін барын салып жатқанын күндіз-түні насихаттауда.

 

  • Шетелде тұрақты тұрып жатқан немесе мектеп және жоғары оқу орындарында оқып жатқан туған-туысқандарын, бала-шағаларын кері шақырып алып кейбірін қайтып жібермей қоюда.

 

Қазақстанда оқып жатқан оқушы, студенттерді Қытайға кері шақырып, паспортын тартып алып кейбіреуін қайтып жібермей қойса немесе саяси үйренуге алып кетсе, оны естіп-білген қай Қазақ ендігі ары балаларын Қазақстанда білім алуға батылы барып жібере алады? Сондықтан, Қазақстанда оқитын оқушы, студенттерді кері шақырудың, барғаннан кейін біреулеріне әртүрлі дәреже де кінә тағып жазалаудың, ең жеңілі паспортын тартып алып Қазақстанға қайтіп жібермей қоюдың түп мәні – ендігі ары арғы беттегі Қазақтардың, балаларын Қазақстанға барып оқуына жол қоймау, автоматты түрде тоқтатуға мәжбүрлеу. Екінші бір мәнісі – Қазақстанда оқып жатқан оқушы, студент ары қарай Қазақстанға тұрақтап қалып, азаматтық алса арттағы туған-туысқандарын көшіріп алуы мүмкін, Шыңжаңдағы туған-туысқандарының құқықтарын қорғап арыздануы мүмкін. Міне сондықтан, оқушы, студенттердің жолын кесу де Шыңжаң жергілікті билігі үшін тиімді. Сондықтан, осы орайда айта кету керек Бүгінгі күнде Қазақстанда оқып, білім алып жатқан оқушы, студенттер Қытайға қайтып бармағаны, тезірек Қазақстан азаматтығын алып алғаны дұрыс.

 

  • Туыстап барған шетелдік адамды туысының үйіне жатқызбай қонақ үйге жатқызу.

 

Бұл арада шетелден келген азаматты қонақ үйге жатқызып пайда табайық деп отырған жоқ. Қытайдағы өзі бір уыс Қазаққа барған бірнеше қонақ қонақ үйге жатқанда мемлекетке қанша пайда түседі дейсің. Бұл арада қонақ үйге жатқызудың кемінде үш түрлі мәнісі бар. Бірі, қонақты еліне тез қайтып кетуіне экономикалық қысым жасау.  Екіншісі, екі ел азаматы күндіз-түні бір болып өзара ақпарат алмасуға мүмкіндігінше кедергі келтіру. Үшіншіден, ендігі олжаққа (Шыңжаңға) туыстап қонақ болып баратындардың санын азайту, осылайша ондағы Қазақтарды сыртқы әлеммен араластырмай, сыртқа ақпарат тараттырмай оқшау ұстау.

 

  • Той-томалақ, өлім-жітімде қатысатын адамдар санын шектеу.

 

«Шыңжаң, Алай аймағы (обылысы) Қаба ауданының үкіметі жерлеу рәсіміне қатысатын адамдардың санын 15 адамнан аспауы керек деген жаңа ережелер енгізді.» 2017-10-21,  www.rfa.org

Қазақ той-томалақта, өлім-жітім болғанда көп адам жиналады. Көп адам бір-бірімен әңгімелеседі, өзара ақпарат  алмасады. Шын мәнінде ондағы жергілікті биліктің көп адамның жиналуын тоқтату арқылы адамдарды мейлінше бір-бірімен аз араластыруға, өзара аз ақпарат алмасуға, мүмкін болса өзара ақпарат алмаса алмауға мәжбүрлеуде. Міне осылайша əр Қазақты өзгелерге ақпарат бергізбей, өзгелерден ақпарат алғызбай өз ұясында, өз төсегінде тілін байлап үнін өшіру, үні шықпағаннан кейін, қарсылық болмағаннан соң ары қарай жергілікті билік не істесе де өзі біледі.

Екінші бір мәні – халқымызда «халық - дана», «көп көтерген жүк жеңіл», «көп – қорқытады, ...» деген мақалдар бар ғой. Көп адам бірігіп ақыл қосса ақ пен қараны, дұрыс пен бұрысты, жақсы мен жаманды айырып, заңсыздықты, жауыздықты біліп қояды. Керісінше әр адамның білетіні мен ақылы шекті болғандықтан, әр Қазақ көптің арасында (өзгелермен араласу шектелгендіктен) жалғыз өзі өмір сүріп, арқа сүйейтін, қолдайтын халқы жоқ болғандықтан мүсәпір, қауқарсыз хәлде «жалғыз» өмір сүреді. Әлсіз болғандықтан, жалғыз болғандықтан, қарсы сөз айтқанды қойып әділдікті, шындықты, заңды құқықығын қорғап та сөз айта алмайды. Айта алмаған соң, айтатын әл қалмаған соң билік не істесе де соған үнсіз, іштей тынып көнеді. Міне бұл ондағы (Шыңжаңдағы) Қазақтардың қоғамда «еркін» жүргендерінің өзі азаматтық және адами құқықтары шектеліп түрмедегінің күйін кешуде деген сөз.

 

  • Барлық жерге камера қою.

 

Барлық жерге камера қоюдың бір мəні кім-кіммен кезігеді, кім-кімдермен араласады соны бақылап білу отыру, осылайша адамдардың (мысалы, Қазақтардың) бір-бірімен араласуына, өзара ақпарат алмасуына, əр кім өз басында болған жағдайды бір-біріне айта алмауға жоғары технологияның көмегімен мəжбүрлеу.

 

  • Туыстастыру, бауырластыру саясаты.

 

Бұл арада мына бір Қазақтың немесе ана бір Қытайдың туған-туысы жоқ болып, өмірде жалғыздық көріп қиналып жүр деп жаны ашып, жүрегі елжіреп туытастырып отырған жоқ. Шындығында Қазақ отбасыларының ішкі жағдайын, әр отбасының туған-туысқандарын, араласатын адамдарын анықтау, толық бақылауға алу, өздеріне керек мәліметтерді алып отыру үшін жасап отырған құйтырқы қулығы. «Туыстастыру» саясатының басқа да мақсаттарын алдыңғы мақалада атап кеткенмін. Мүмкін біз біле бермейтін одан басқа да сырлары бар шығар.

 

  • Қатысты ақпараттарды  алып тұруға болатын шпиондық функциясы бар ұялы телефондар.

 

Қазір Қытайда өндірілетін өздерінің төл телефонында (мысалы, Huawei маркалы телефон т.б.) сол телефонды қай елде жүрсең де пайдаланушы адамның сөйлеген сөздерін, қабылдаған және өзгелермен бөліскен ақпараттарды, кімдермен жиі байланыста болатынын, әр күні қай жерлерде жүретіні туралы ақпараттарды Қытайдың қауіпсіздік органдарына жіберіп тұратын шпиондық программалар мен құрылылардың, бөлшектердің орнатылғандығы туралы ақпараттарды Америка, Ресей елдері әшкерлеуде. Бұл дегеніңіз Қытайдағы және өзге елдердегі Қытайдың ұялы телефонын пайдаланушы әр бір адамның, әр бір Қазақтың қасында бірден шпион еріп жүр, толық бақылауда деген деген сөз. Сондықтан, Қытайдың өз төл өнімі саналатын ұялы телефон және басқа да электрондық өнімдерді ПАЙДАЛАНБАУ тек Қытайдан келген оралмандар үшін ғана емес жалпы Қазақ, Қазақстан азаматттары үшін де маңызды.

 

  • Заңсыз түрде Аналық, әкелік құқығынан айыру ісі орын алуда.

 

«Үрімжі қаласының бір Қазақ жігіті Қазақ еліне көшіп келіп Қазақстан азаматтығын алғаны үшін оның туған ауылында тұратын шешесін жергілікті полициялар қорқытып «аналық құқығынан айыруға» мәжбүрлеп көндірген /被迫写“脱离母子关系书”. Егер шешесі келіспеген жағдайда ұлын Қытайдағы тіркеуінен шығармай баласына «қос азаматтық» қылмысы тағылып, Қытай еліне бару визасын аштыра алмайтындығын айтқан.» 2017-11-07,  www.rfa.org

Жоғарыдағы байқалған 10 түрлі саяси қысымның нақтылы жүзеге асыру шараларынан мынадай қортынды шығаруға болады:

  1. Мейлі әкең, мейлі шешең, мейлі туған балаларың сотталсын, өз-өзіне қол салып өлген немесе өлтірген болсын еш кімге, еш қайда айтпауға, бір сөзбен айтқанда аузыңды аштырмауға мәжбүрлеуде.
  2. Қытайдағы Қазақтарды бір-бірімен араластырмау, хабарластырмау, өзара ақпарат алыстырмау, бір-бірінің хал-жайын білуге кедергі келтіру, әр қазақты жалғыз қалдыру.
  3. Қытай Қазақтарын Қазақстан, Түркия елдеріндегі туыстарымен, таныстарымен араластырмау, өзара хабарластырмау, ақпарат алысқызбау. Осы ақылы өздері жасап отырған өз ішіндегі саяси қысымы, заңсыздықтары, зұлымдықтарды, қылмыстары жайлы ақпарат шет елдерге  таралуының жолын кесу.
  4. Біреуді біреу білмейтін күйге түсіру. Біреуді біреу білмегендіктен, білсе де басқаға тіс жарып айта алмағандықтан кім тірі? кім өлді? кім із-тозсыз жоғалып кетті? Ешкімді ешкім білмейді. Меніңше бүгінгі таңда Қытайдағы Қазақтар міне осындай біртүрлі тып-тыныш үрейлі өмір кешуде.

Осыдан артық қандай тілін байлау саясаты болады? Меніңше тілі байланған соң, ол жақтағы Қазақтардың шықпаған жаны ғана тұр.

Сол «тып-тыныш» өмірдің арасындағы тілі байланған бір бауырларымыздан тілдей қағазға құпия сандармен «Қазақ елі бізді құтқарыңыздаршы» деп жазған хат келді. «Құтқарыңдар» деген жазуын өлім алдындағы қол-аяқ серпіуі деп түсінсек болар.  

 Кенжебек Құдысұлы

Бұл шығарлымға баға беріңіз
(0 Дауыс)
Соңғы рет өзгертілген Wednesday, 16 May 2018 14:01
Ad Sidebar

Latest Tweets

@envato_help Dear ticket id: 1266898. No one answering the ticket. 2 days without a solution. Please, check.
Insurance Agency Joomla Business Template on #Themeforest https://t.co/GKqY99ixQX https://t.co/WgAaR3wDBc
GeoBin - Digital Marketing Agency, SEO WordPress Theme Updated on #Themeforest https://t.co/drKfnOA82e https://t.co/lR8UFr7zPp
Follow Themewinter on Twitter

Post Gallery

Оралман куəлік мəселесі оң шешім таппақ.

Қазақстан азаматтары АҚШ президентінен Қытайда қамалған Қазақтарға араша сұрады.

ДІН және ҰЛТ

ХАЛЫҚ ЖАНАШЫРЛАРЫ

Қазақстанда "хуачиау" болып жүргендер бар

Бүгін Алматы қаласында АТАЖҰРТ ЖАСТАРЫ ЕРІКТІЛЕРІНІҢ ұйымдастыруымен баспасөз маслихаты өтті.

АҚШ БИЛІГІ ШЫҢЖАҢДАҒЫ ҚАЙТА ТӘРИЕЛЕУ ЛАГЕРЬНЕ БАСА НАЗАР АУДАРДЫ

АҚШ пен Қытай сауда соғысы – ел басшылығы мен халқы арасына жік түсірді

Сайрагүл ісі: Қытай мен Қазақстанның арасын аша ма?

Яндекс.Метрика